вторник, 7 мая 2024 г.
icon
439.43
icon
473.31
icon
4.82
Алматы:
icon
15oC
Астана:
icon
11oC
1xadv
×

Ақтөбеде бүгін көктайғақ салдарынан тұрғындар жұмысқа уақытылы жете алмады (ВИДЕО)

Ақтөбедегі Жилянка шағынауданында түсірілген видеодан қол көтерген тұрғындарға не автобустың, не жеңіл көліктердің тоқтамай өтіп кетіп жатқанын аңғаруға болады. Instagram әлеуметтік желісіндегі aktobe_zello парақшасында пайда болған видео авторының жазуынша, көктайғақ салдарынан автобустар да аялдамаларға тоқтай алмай өтіп кеткен.

Осы видеороликке пікір білдірген ақтөбеліктер таңертең жұмысқа уақытылы бара алмағанын айтып шағымданған. Олардың бірі автобусты 47 минут күткенін айтса, өзгелері көліктерінің жылдамдығын 20 км/сағ-нан асыра алмағанын жазды.

Еске салайық, осыдан бірер күн бұрын "Қазгидромет" синоптиктері еліміздің батысы мен солтүстік облыстарында күн күрт суытып, дауылды жел тұратынын, қар аралас жаңбыр жауатынын ескерткен болатын.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0