Интернетте Қазақстан әскеріндегі әлімжеттік түсірілген ВИДЕО жарияланды

Instagram әлеуметтік желісіндегі zhest.kz парақшасында Қазақстан әскеріндегі әлемжеттік түсірілген видео пайда болды. Онда «аға» сарбаздардың қатарға жаңа қосылған жас сарбаздарды қорлап жатқан сәттерінің кадрлары бар.

Видео әскерилердің жатын бөлмесінде түсірілген. Ортаға жас сарбаздарды алған екеу оларға ойларына келгенін істетеді, үшіншісі видеокамераға түсіріп тұр.

Бейнекадрларда үлкен сарбаздар жастардың саусақтарынан, алақанынан белдіктің темірімен ұрып, тағы бір сарбазды тік тұрғызып, кеңірдектен жұдырықпен соққы жасаған. Ал, әлеуметтік желі қолданушылары болса жаппай наразылық танытуда. Олар әскердегі өлім- жітімнің көбеюіне осындай жайттардың себеп екенін жазыпты.

Айта кету керек, жыл сайын Қазақстан әскерлерінде бірнеше сарбаз өзіне қол салып қайтыс болады.

В статье:
Loading...