пятница, 17 мая 2024 г.
icon
441.58
icon
480
icon
4.86
Алматы:
icon
16oC
Астана:
icon
11oC
1xadv
×

Павлодар облысындағы Шалдай мектеп-интернатының жабылуына қатысты үш басқарма басшысы түсінік берді

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында үш басқарма басшысы Шалдай мектеп-интернатының неліктен жабылатындығына байланысты түсінік берді, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.

Облыстық білім беру басқармасының басшысы Бақыт Бексейітованың айтуынша, аталмыш мекеме 2006 жылы жалпы білім беретін мектептерде туберкулезбен ауырған мектеп жасындағы балаларды оқытуға тыйым салуға байланысты 220 орынға ашылған.

«Бірінші жылдары мұнда 200-ге жуық бала оқыса, биылғы оқу жылының соңында олардың саны 87 адамды құрады. Мектеп-интернатты ұстауға жылына 170 млн теңге, бір тәрбиеленушінің күтіміне 1,9 млн теңге қаржы жұмсалады. Бұл осыған ұқсас типтегі оқу орны тәрбиеленушісінің күтімімен салыстырғанда екі жарым есеге қымбат. Бұған қоса, өңірде жобалық қуаттылығы 210 орынды құрайтын облыстық туберкулезге қарсы балалар шипажайы жұмыс істейді. Соңғы жылдары екі мекемеде де бос орындар көбейді.  Мұнда жұмыс істейтін 135 қызметкердің 58-і – педагогтар болса, қалған 77-сі - медициналық және техникалық қызметкерлер. Жаңадан ашылатын психологиялық-неврологиялық мекемеде 77 қызметкер орналастырады. Әзірге тек педагогтармен ғана қиындық туындауда. Ұстаздар ұжымымен кездесіп, өңірдің басқа аудандарынан жұмыстар ұсынылды. Бүгінгі күні өз келісімдерін берген 15 адамның жетеуі Шалдай мектебіне, екеуі балабақшаға тұруға өтініш жазды және алтауы ауызша ниет білдірген. Жұмысқа орналасудан сегіз адам бас тартып отыр. Дегенмен облыс бойынша білім беру жүйесінде 273 бос орын бар. Сондықтан жаз маусымында  мәселе шешімін табады деген сенімдеміз», — деді Бақыт Бексейітова.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Қасымовтың сөзіне сүйенсек, 2002 жылы 100 адамға есептегенде туберкулез дерті 194,7 болған. Нақтырақ айтсақ, бір жылда аталмыш дертке шалдыққан 1464 адамның 162-сін балалар құраған. Биылғы жылғы көрсеткіш қорытындысы бойынша балалар арасында ауырғандар саны 17 есеге азайған. Бұған қоса, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес туберкулезбен ауырған жеткіншектерге жалпы білім беретін мектептерде оқуға рұқсат берілген. Облыста туберкулездің алдын алу және сауықтырумен айналысаты екі мекеме бар. Бұл - Шалдай мектеп-интернаты және Павлодардағы облыстық туберкулезге қарсы балалар шипажайы. Соңғы жылдары екі мекеме де бор орындар саны артқан. Сонымен қатар, ата-аналар мектеп-интернаттың алыс орналасқанына байланысты балаларды Шалдай ауылына жіберуден бас тартуда.

«2016 жылы әлеуметтік қызмет көрсетуді талап ететін 316 адам тізімге алынған. Сондықтан бүгінде психикалық-неврологиялық орталық ашу қажеттілігі туындап отыр. Осының нәтижесінде облыстағы мұндай санаттағы науқастар саны азая түспек. Сонымен қатар, 170 жаңа жұмыс орны пайда болады. Бірінші кезекте Шалдай мектеп-интернатының 77 қызметкері еңбекпен қамтылады. Бұдан басқа, 18 әкімшілік, 34 медициналық, алты педагогикалық және алты әлеуметтік қызметкер қажет болады», — деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Балтабай Қаппасов.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0