ОҚО-да Діни оқу мәселелері жөнінде үш жақты келісім жасалды
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінде діни білім алудың артықшылығы жөнінде семинар өткізілді. Бұл туралы ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Айтулы жиынға аудандық «Нұғман» мешітінің бас имамы Сыздықов Бекзат, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ішкі саясат секторының меңгерушісі Есенбеков Омар және «Шымкент», «Сарыағаш» медресе-колледжіне оқуға түсуші талапкерлердің ата-аналары қатысты.
Жалпы, 2016 жылы Мақтарал ауданы бойынша «Сарыағаш» медресе-колледжіне 45 шәкірт, «Шымкент» медресе-колледжіне 4 шәкірт, Алматы қаласында орналасқан «Әбу Ханифа» медресесіне 2 шәкірт және «Астана» медресесіне 1 шәкіртіміз білім алуға жіберілді.
Сонымен бірге, семинар барысында медресе, әкімдік және ата-аналар тарапынан үш жақты Меморандум қабылданды. Алдағы уақытта аталмыш оқу ордасында шәкірттер тегін білім алып, шәкіртақы алып оқитын болады.
Семинар барысында ата-аналар қойылған сұрақтарына жауап алып, риза екендіктерін жасырмады.
Естеріңізге салайық, биыл мамыр және маусым айларында Ақтөбе мен Алматы қалаларында лаңкестік оқиғалар орын алып, салдарынан 10-нан астам адам қаза тапты. Осы оқиғалардан кейін еліміздегі дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанатын азаматтардың біразы тексеріліп, оларға мамандар түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қанды екі оқиғаға да салафизм ағымын ұстанатындардың қатысы бар екені анықталған.
Жалпы қазіргі танда елімізде діни оқу орындарын деңгей бойынша жіктеудің қажеттілігі туындап отыр. Өйткені, мемлекеттік тіркеуден бірыңғай өткенімен, діни білім беру ұйымдарының оқыту әдісі әр алуан.
-
«Вселился демон»: Алматинка убила сына, кошку и себя26.01.2023, 12:00Житель Туркестанской области «купил» в жены школьницу за 600 тыс тенге26.01.2023, 07:11Баласы шетінеп кеткен Әсел Асқар күйеуінің оны үйден қуып шыққанын айтты26.01.2023, 16:04Новорожденному в Атырау сделали надрезы лезвием на лице26.01.2023, 11:08Женщина сожгла новорожденного: Начато досудебное расследование26.01.2023, 20:10Пригласил убрать квартиру, избил и надругался: Алматинка рассказала подробностиСегодня, 09:42
-
17:49Штормовое предупреждение объявлено в 7 областях РК17:35Работник суда украл 3 млн тенге у потерпевшей17:27Грузооборот КТЖ побил исторический максимум17:22Курс доллара упал на казахстанской бирже перед выходными17:08Нападающий «Барыса» стал автором лучшего гола недели КХЛ16:54Мужчина из Атырау избивает пожилую мать, обвиняя во всех бедах16:40Марат Омаровтың әйгілі әні шіркеуде қазақша шырқалды16:26Авто разорвало при столкновении со столбом в Алматы. Никто не выжил16:13Акиматам хотят разрешить застраивать национальные парки16:00За оскорбление учителя или врача придется заплатить двойной штраф15:48Техосмотр стал доступен для автомобилей с иностранными номерами15:35Почти 10 лет жители Шантобе борются с безработицей после закрытия рудника15:24Маленькая девочка восхитила TikTok игрой на домбре15:10Бибисара Асаубаева победила знаменитого гроссмейстера14:57Два трупа нашли в селе Костанайской области