Павлодар облысында 2016 жылдың соңына дейін 165 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі
Павлодар облысында 2016 жылдың соңына дейін 165 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.
Бұл туралы бүгін аймақ басшысы Болат Бақауов облыстық мәслихаттың депутаттары алдында 2016 жылы бірінші жарты жылдықтағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары бойынша есеп беру барысында мәлім етті.
«2015 жылмен салыстырғанда биыл өңірде тұрғын үй құрылысы қарқын алған. Павлодарда пайдалануға берілген бес тұрғын үйдің екеуі «Бәйтерек» АҚ арқылы бой көтерді. Сондай-ақ, «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы аясында «Сарыарқа» шағын ауданында бюджеттік қаржыға 370 пәтерден тұратын төрт тұрғын үй салынуда. Бұдан басқа, биыл «Сарыарқа» шағын ауданында тағы да үш баспана және Екібастұз, Ақсу қалаларында бір-бір тұрғын үйден тұрғызылады», — деді Болат Бақауов.
Облыс әкімінің айтуынша, Павлодарда Усолка шағын ауданындағы «KSP Steеl» ЖШС-нің есебінен құрылысы аяқталған 72 пәтерлік, тоғыз қабатты тұрғын үй қыркүйек айында қолданысқа берілмек. Сонымен қатар, «Қазақстан Алюминийі» АҚ Амангелді көшесінде көпқабатты тұрғын үй салуда. Бұдан басқа, Павлодарда «KSP Steеl» ЖШС, «Қазақстан Алюминийі» АҚ және «Павлодарэнерго» АҚ үш тұрғын үйдің, «Қазхром ТҰК» АҚ, «ЕЭК» АҚ Ақсу және Екібастұзда екі тұрғын үйдің құрылысын жүзеге асырмақ.
Павлодар қаласы құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сергей Звонковскийдің мәліметіне сүйенсек, «Сарыарқа» шағын ауданында тұрғызылып жатқан жеке киім бөлмесі бар тоғыз қабатты үйдің құрылысы 30 тамызда аяқталуы тиіс. «Тұрабай» ЖШС мердігер фирмасы белгіленген уақытта үйді тапсыруға уәде берген. 52 пәтері бар тұрғын үйге «Азия Спец Строй» ЖШС су құбырын, кәріс, электр жүйесі мен телефон сымдарын өткізген. Бұл шараға 38 миллион теңге бөлінген. Енді қалғаны жұмыс - ауланы көріктендіру. Панельді үйдің бір шаршы метрі 90 мың теңгеге сатылады. Бұдан басқа, «Құрылыс» ЖШС бұрынғы Алюминстрой ауданының тұрғындары үшін тоғыз қабатты 105 пәтерлі үйдің құрылысын жүргізуде. Келісімшарт бойынша үй 2017 жылдың қаңтарында тапсырылады деп күтілуде.
Еске сала кетейік, қаланың бас жоспары бойынша Алюминстрой шағын ауданындағы аппатық жағдайдағы қосқабатты 159 тұрғын үйдің орнына 40 қабатты тұрғын үй салу жоспарланған. Бұл шамамен 17,5 мың адамды баспанамен қамтуға мүмкіндік береді.
-
«Вселился демон»: Алматинка убила сына, кошку и себя26.01.2023, 12:00Житель Туркестанской области «купил» в жены школьницу за 600 тыс тенге26.01.2023, 07:11Баласы шетінеп кеткен Әсел Асқар күйеуінің оны үйден қуып шыққанын айтты26.01.2023, 16:04Новорожденному в Атырау сделали надрезы лезвием на лице26.01.2023, 11:08Женщина сожгла новорожденного: Начато досудебное расследование26.01.2023, 20:10Продавщица-фокусница в Шымкенте обманула клиента и попала на видео26.01.2023, 18:02
-
11:09Алматинка едва не умерла после покраски волос10:55Мошенница из турфирмы выплатит клиентам 11 млн тенге и сядет в тюрьму10:41Муфтият на пожертвованные деньги хочет построить общежитие студентам10:28Туберкулез атакует шымкентских школьников10:15В 45 лет скоропостижно скончалась новоизбранный сенатор10:09Уят долой, или Откровенно о ВИЧ-инфицированных в Астане09:56Талдыкорганец устраивал собеседования для наркоторговцев в Сети09:42Пригласил убрать квартиру, избил и надругался: Алматинка рассказала подробности09:28Почти 1,8 тыс казахстанцев лечатся от КВИ09:13Почем продают доллар в обменниках РК перед выходными08:50Фильмы о Гарри Поттере исчезнут из российских онлайн-кинотеатров08:05Таксистов в Казахстане массово штрафуют за назойливое приставание в общественных местах07:27Актюбинца лишили пенсии из-за «двойника» в России06:48Скандал в школе ЗКО: Ученики приносят на уроки алкоголь06:00Прогноз погоды в Казахстане на 27 января