воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-2oC
Астана:
icon
-10oC
×

Біз сыртқы қауіпті ойлаймыз деп, іштегі радикалдарды ұмытып кеттік - Е.Қарин

Қазақстан Ауғанстан мен Таяу Шығыстан қауіптеніп, сыртқы қауіпсіздікті күшейтемін деп, іштегі жағдайды болжай алмады. Белгілі саясаттанушы Ерлан Қариннің пікірі осындай. Ақтөбе мен Алматыдағы лаңкестік оқиғалардан кейін талдау жасаған сарапшы тілшілерге сұхбат беріп, қазақстандық радикалдардың мақсаты жайында атып берді.

Оның пікірінше, қазақстандағы «ұйқыдағы топтардың» ДАИШ, Әл-Каида секілді әлемдік ұйымдарға қатысы жоқ.

«Бұған дейінгі терроризм қаупі жайындағы пікір-таластарда негізінен сырттан келетін қауіпке көп назар аударылды. Мысалы, көбінекөп Ауғанстаннан келетін содырлар Орталық Азия аймағының белгілі бір бөлігіне еніп, жағдайды бұзуы мүмкін екені айтылып келді. Сондай-ақ, терроризм проблемасы Сирия мен Ирак жеріне əртүрлі елдерден барып соғысып жатқан радикалдар бойынша бағамдалатын. Көптеген сарапшылардың айтуынша, ДАИШ құрамында соғысып жатқан азаматтар отанына оралған соң өз елдерінде терактілер ұйымдастыруы мүмкін болатын. Алайда, біз сырттан келетін террористік ұйымдардың шабуылына баса назар аударып, аймақтың ішіндегі «ұйқыдағы топтардан» келетін қауіп деңгейін болжай алмай қалдық. Кез келген елде жəне кез келген қоғамда радикалдық идеяны ұстанған адамдар тобы болады. Олар өз ішінде əртүрлі жоспар құруы мүмкін. Аталған топтар халықаралық террорлық ұйымның мүшесі немесе филиалы болмай-ақ, тіпті шетелдік ешқандай топтар мен байланыспай-ақ өз еліне қауіп төндіре алады. Осындай адамдардан келетін қауіп - жүйеленген үлкен топтардан келетін қауіптен аспаса, кем емес. Өйткені, олардың іс əрекетін алдын ала болжап білу оңай емес. Сол себепті, біз бұрыннан айтып келе жатқандай, сырттан келетін шабуылмен қатар ішкі радикалдық топтардан келетін қауіпті ескеруіміз керек. Біздің бұл сөзімізге соңғы уақыттары Франция, Германия, Бангладеш, АҚШ елдері бетпе-бет келген қанды қырғындар дəлел бола алады. Ал біз əзірге кішкене радикалдық топтармен немесе бір адамның іс əрекетіне бетпе-бет келіп отырмыз. Олар қоғамда болып жатқан белгілі бір жағдайдың əсерінен осындай белсенді іс əрекетке барады. Сондықтан, Ақтөбе мен Алматыда орын алған жағдайлар арнайы жоспар-мақсатсыз орын алған радикалдық акция болып табылады», — дейді саясаттанушы.

Естеріңізге салайық, салафилік ағымды ұстанатын 20-дан астам адам маусым айында Ақтөбедегі бірнеше нысанға шабуыл жасаған болатын. Салдарынан 8 адам қаза тапты. Мұнан кейін шілде айында тағы сол салафилік ағымның өкілі Алматыда жалғыз өзі бірнеше адамды атып тастаған болатын.

Осы аталған екі жайттан кейін барлық облысты қауіпсіздік мәселесі күшейтілді. Дін қызметкерлерінің айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысында діни ахуал тұрақты болғанымен, дәстүрлі емес исламды ұстанатындар саны 3 мыңнан асқан.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0