Дәстүрлі емес діни ағымдармен күресу заң тұрғысында мүмкін болмай жатады – Ғ.Шойкин
Мемлекет тарапынан әзірге теріс діни ағымдармен күресетін арнайы бағдарлама жоқ. Олармен күрес тек қолданыстағы заңнамалар шеңберінде ғана жүзеге асады дейді ҚР МСМ Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин.
Оның айтуынша, қолданыстағы заң кейбір дәстүрлі емес діни ағымдарға тосқауыл болуға мүмкіндік бермейді.
«Теріс ағымдардың алдын алу еліміздің қолданыстағы заңнамалары шеңберінде іске асырылады. Бұл жердегі түйткілді мәселе – дәстүрлі емес ағымдардың идеялық тұрғыдан таралуы және оларға қарсы заңдық тетіктерді қолданып күресудің барлық уақытта мүмкін еместігі. Сондықтан Дін істері комитеті басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен, діни бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен және ғылыми-сарапшылар қауымдастығымен бірлесе отырып, теріс діни ағымдардың алдын алу және олардың идеологияларынан келетін қауіпті тұрғындарға түсіндіру бағытындағы жұмыстарға басымдық беріп отыр», — дейді комитет төрағасы.
Оның айтуынша, теріс діни ағымдар қазіргі таңда уағыздарын негізінен әлеуметтік желілер арқылы жүргізеді. Оларға тойтарыс беру мақсатында Комитет басшылары сарапшылар қауымдастығының көмегіне жүгініп, әлеуметтік желілерде түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізіп келеді екен.
«Комитет тарапынан интернет-ресурстардың мазмұнын талдау жұмыстары ұдайы жүргізіліп отырады. Өткен жылы 6000-нан астам интернетресурстың мазмұны талданып, олардың ішінен заңнамаға қайшы 414 материал анықталды. 2016 жылдың І тоқсаны бойынша 1020 интернетресурстың мазмұнына талдау жасалып, онда заңнамаға қайшы келетін 302 интернетресурс анықталды», — дейді Ғ.Шойкин.
Оның айтуынша, Дін істері комитеті идеологиялық жұмыста инновациялық әдістер де пайдалануда. Мәселен, 2013-2015 жылдары бірқатар өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп антиэкстремистік сипаттағы «Хақ жолы» (Атырау), «Жан шырылы» (Көкшетау), «Шырмауық» (Өскемен), «Ойран» (Шымкент), «Жәннат» (Орал), «Адасқандар» (Қарағанды) драмалық спектакльдері әзірленген. Аталған қойылымдардың бейне нұсқалары әзірленіп, олар діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған іс-шараларда кеңінен қолдануда.
-
Астанчан напугала ученица, стоявшая в три часа ночи возле школы04.02.2023, 07:46Женщина облила кипятком соседку в Алматы: Чем закончилось04.02.2023, 20:42В Астане произошла массовая драка футболистов из Кыргызстана и России04.02.2023, 23:20Столичный врач озвучил основные причины рака04.02.2023, 09:15Женщина исчезла по дороге на собеседование04.02.2023, 12:37Президент, не торгуясь, купил камчу на выставке в Таразе04.02.2023, 00:10
-
22:30Пять человек пострадали в крупном ДТП на трассе Алматы - Бишкек22:00Астана лидирует по привлечению иностранных инвестиций21:10Жесткое задержание мужчины в Астане прокомментировали в полиции20:30Годовалый малыш до волдырей обжегся о раскаленную батарею в больнице Актау19:50Начато расследование по факту гибели двух сотрудников нефтяной компании19:10Казахстанская дзюдоистка укусила соперницу: Абилкадирова объяснила свой поступок18:30Россиянка впервые получила титул «Миссис Вселенная»18:00В 4 областях Казахстана объявлено штормовое предупреждение17:25С Байконура запустили первый ракета-носитель «Протон-М» в этом году17:00Казахстан вырвал победу у России по футболу16:30«Меккеде қазір ақшадан басқа ештеңе жоқ»: Періштелермен тілдескен Жанат Бақыт не естігенін айтты16:01«Не могу удержаться от бешбармака»: Светлана Лобода о казахской кухне и казахских мужчинах15:34Жуткое ДТП попало на видео в Уральске14:59В UFC объявили о следующем бое Конора Макгрегора14:2611-летняя девочка убежала из дома, не выдержав побои отца