Жайық жұртшылығы Едірес Зейнуллинді біздің батырымыз деп қадір тұтады. Себебі ол бүлдіршінді ажалдан арашалап қалған еді. Таяуда өткен Батыс Қазақстан облыстық жас полицейлер слетінде БҚО ІІД басшылығы оның бұл ерлігін жастарға үлгі ретінде айтты.
Аудандық дәмхана жанындағы септиктің құдығына құлап кеткен бүлдіршінді өлімнен арашалап, құтқарып қалған ол, ерлігі үшін ҚР Ішкі істер министрі, генерал-майор Құлмұханбет Қасымовтың Құрмет грамотасымен марапатталды. Бейбіт күннің батырларына арналған республикалық акцияда оған министрліктің алғыс хаты тапсырылды. Ал, жақында облыстық ішкі істер департаментінің басшылығы кейіпкерімізді «Қазіргі заман қаһарманы» атағымен марапаттады.
Полиция капитаны Едірес Зейнуллин өзін ерлік жасадым деп есептемейді. Кейіпкеріміздің айтуынша, ішкі істер органындағы қызметкер ең бірінші кезекте ұстамды бола білуі керек.
«Ұстамды адамның ойлануға мұршасы болады. Ойланған адам қандай шешім қабылдайтынын жақсы біледі. Тыныштық пен татулықты сақтау, оқыс жағдайда кімге болса да арашаға келу – Қазақстан полициясының кәсіби міндеті!» – дейді ол.
Едірес Зейнуллин 1999 жылы ҚР Қарулы күштері қатарына алынды. Шымкент қаласындағы әскери бөлімде қызмет атқарған жас сарбаз қатаң тәртіпке дағдыланды. 2001 жылы БҚО ішкі істер департаментінің патрульдік полиция қызметіне жұмысқа орналасты. 2009 жылдан бастап Сырым аудандық ішкі істер бөлімінде учаскелік полиция инспекторы болып қызмет атқарады.
Елбасы «100 қадам» Ұлт жоспарында полицейлердің кәсіби дағылары мен жеке бас қасиеттеріне жете мән беру қажеттілігін айтқаны белгілі. Әріптестері Едрес Зейнуллин осы талапқа толығымен де сай екенін айтады.
Негізінен «Қазіргі заман қаһармандары» жыл сайынғы әскери-патриоттық акциясы бейбіт уақытта ержүректік көрсеткен ішкі істер органдарының қызметкерлерін барынша құрметтеп, еңбектерін барынша бағалауға бағытталған.
-
Астанчан напугала ученица, стоявшая в три часа ночи возле школы04.02.2023, 07:46Женщина облила кипятком соседку в Алматы: Чем закончилось04.02.2023, 20:42В Астане произошла массовая драка футболистов из Кыргызстана и России04.02.2023, 23:20Столичный врач озвучил основные причины рака04.02.2023, 09:15Женщина исчезла по дороге на собеседование04.02.2023, 12:37Президент, не торгуясь, купил камчу на выставке в Таразе04.02.2023, 00:10
-
22:30Пять человек пострадали в крупном ДТП на трассе Алматы - Бишкек22:00Астана лидирует по привлечению иностранных инвестиций21:10Жесткое задержание мужчины в Астане прокомментировали в полиции20:30Годовалый малыш до волдырей обжегся о раскаленную батарею в больнице Актау19:50Начато расследование по факту гибели двух сотрудников нефтяной компании19:10Казахстанская дзюдоистка укусила соперницу: Абилкадирова объяснила свой поступок18:30Россиянка впервые получила титул «Миссис Вселенная»18:00В 4 областях Казахстана объявлено штормовое предупреждение17:25С Байконура запустили первый ракета-носитель «Протон-М» в этом году17:00Казахстан вырвал победу у России по футболу16:30«Меккеде қазір ақшадан басқа ештеңе жоқ»: Періштелермен тілдескен Жанат Бақыт не естігенін айтты16:01«Не могу удержаться от бешбармака»: Светлана Лобода о казахской кухне и казахских мужчинах15:34Жуткое ДТП попало на видео в Уральске14:59В UFC объявили о следующем бое Конора Макгрегора14:2611-летняя девочка убежала из дома, не выдержав побои отца