среда, 15 января 2025 г.
icon
530.24
icon
543.97
icon
5.16
Алматы:
icon
-1oC
Астана:
icon
-10oC
×

Шымкенттегі кітапханалардың бірінде «Терроризм Исламға төнген қатер» атты кездесу болып өтті

Шымкенттегі А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебеп-ғылыми кітапханасында «Терроризм  Исламға төнген қатер» атты кездесу болып өтті. Бұл туралы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Шараға кітапхана қызметкерлерімен бірге Шымкенттегі жоғары оқу орындарының студенттері және мектеп оқушылары қатысты. Ал, тыңдаушыларға баяндама оқыған «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ «Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің маманы И.Абулхайров теріс діни ағымдардың қауіп-қатері жайында кеңінен айтып берді.

Баяндамадан кейін аудитория дін маманын сұрақ астына алған. Олардың көпшілігі қазір қоғамда жиі ұшырасатын орамал тағу, хиджапқа орану, сақал қою, балақ кесу сынды сұрақтарға жауап алуғы тырысып жатты. Сондай-ақ, дәстүрлі емес діни ағымдардың сипаты, қоғамға қаупі жайында да сөз қозғалды. И.Абулхайров Таяу Шығысқа аттанып жатқан жастардың адасқанын, Қазақстанға келген жағдайда заңмен жазаланатынын айтты.

Жиын барысында түрлі слайдтармен бірге видеороликтер де көрсетілді. Ондағы кейіпкерлер –  теріс діни ағымдардың жетегінде кеткен жастар. Барынша түсінікті, әрі қызықты етіп түсірілген роликтердің мақсаты – жастардың ата-анаға деген құрметін арттырып, дәстүрлі исламнан адаспау жолын көрсету.

Айта кетейік, биыл Ақтөбе мен Алматы қалаларында орын алған лаңкестік оқиғаларынан кейін еліміздің барлық аймағында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Дін мамандарынан құралған арнайы ақпараттық топтар шалғай ауылдардан бастап, аудан-қалалардың бәрін аралап, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Оңтүстік Қазақстан облысы Дін істері басқармасы жанынан құрылған «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ мамандары күнделікті қала мектептері мен жоғары оқу орындарын аралап, жастармен жұмысты қолға алған.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0