Қазақ халқының ежелден ұстанатын діні – ислам. Тарихи деректерге сүйенсек, ата-бабаларымыздың ислам дінін қабылдағанына шамамен 1200 жылдан аса уақыт өткен. Содан бері ислам діні қазақ жерінде ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып, бүгінгі күнге дейін қазақтың бөлінбес еншісіндей болып келеді.
Бүгін діннің осындай тұстарын жасөспірімдерге түсіндіру мақсатында Шымкент қаласындағы №11 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залында жоғарғы сынып оқушыларына Облыстық дін істері басқармасы жанындағы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің дінтанушы, теолог маманы К.Рысбеков «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды.
Жиынның мақсаты – жастар арасында дәстүрлі дінімізді таныту, ақпараттық түсіндірме арқылы діни ағымдар мен секталардан сақтандыру.
Осынау мектепте өткен кездесу барысында оқушылар мен мұғалімдер «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің дінтанушы, теолог маманы К.Рысбековтен мәзһаб, ислам ақидасы және басқа да толғандырған сұрақтарын сұрап, дәйекті жауаптарын алды.
Айта кетейік, дәл осындай кездесулер Шымкент пен Оңтүстік Қазақстан облысының өзге де аудан-қалаларында соңғы бірер айдан бері белсенді өтіп келеді. Оған басты себеп – жаз айларының басында Ақтөбе мен Алматыда орын алған лаңкестік оқиғалар. Ол кезде дәстүрлі емес ислам ағымдарының бірі – салафизм бағытын ұстанушылар 15-ке жуық жазықсыз адамды жер жастандырған болатын.
Сол оқиғадан кейін құрамына теолог-мамандар мен мемлекеттік қызметкерлер және имам-молдалар кіретін ақпараттық түсіндіру топтары еліміздің барлық өңірлерін аралауға кірісіп кетті. Олар жергілікті тұрғындар арасында дәстүрлі емес діни ағымдардың қаупі жайында айтып, халықты ондай секталардан аулақ болуға шақыруда.
-
Снимок Путина на высоких каблуках вызвал горячие споры в Сети28.01.2023, 09:00Несколько месяцев пролежал в своей квартире актюбинский пенсионер28.01.2023, 00:00Россиянам больше не продают новые авто в Казахстане28.01.2023, 03:00Обмороженный труп обнаружили возле трассы в Шымкенте28.01.2023, 07:00Исторический финал прошел для Казахстана на Гран-при по дзюдо28.01.2023, 05:00Названа причина смерти сенатора Гульмиры Каримовой28.01.2023, 17:25
-
02:32Денежные переводы из России в Казахстан выросли на сотни процентов01:27Казахстанский дзюдоист потерпел поражение в финале Гран-при в Португалии00:26Реанимация, сотрясение головного мозга: Врачи рассказали о состоянии пострадавших от наезда снегохода