вторник, 26 ноября 2024 г.
icon
498.51
icon
522.84
icon
4.81
Алматы:
icon
7oC
Астана:
icon
-1oC
×

Шымкенттегі мектептердің бірінде кереғар діни ағымдар туралы семинар өтті

Биыл мамыр мен маусым айлрында Ақтөбе мен Алматыда орын алған лаңкестік оқиғаларынан кейін еліміздің барлық өңірінде дін мамандарынан құралған ақпараттық топ түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Дәл осындай жұмыстар Оңтүстік Қазақстан облысының да барлық аудан-қалаларында ұйымдастырылуда.

Мәселен, бүгін Бәйдібек ауданындағы Қазата елдімекенінде орналасқан «Тұрмыс-1»  жалпы орта білім беру мектебінде ОҚО дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-ның ұйымдастыруымен семинар сабағы болып өтті. Аталған орталықтың дінтанушы маманы, Ақпараттық түсіндірме тобының мүшесі И.Айтаев оқушыларға «Дін мен дәстүрдің сабақтастығы және кереғар діни ағымдар» деген тақырыпта баяндама оқып, дәстүрлі емес діни ағымдардың зияны туралы айтып берді.

Сонымен қатар, дін маманы кездесу барысында мектеп бағдарламасына енгізілген «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің мақсатына тоқталып өтті, зайырлылық таным жайлы кеңінен мәлімет берілді. Ғасырлар бойы қалыптасқан дін мен салт-дәстүрді сабақтастырып діни танымдық мәліметтермен толықтырды. Сондай-ақ, И.Айтаев оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, кереғар ағымдардан сақ болуын тағы ескертті.

Айта кетейік, ОҚО Дін істері басқармасы жанынан құрылған «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ облыс аумағындағы оқу орындарының басым бөлігіне барып, оқушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Өйткені, соңғы уақытта дәстүрлі емес діни ағымдардың қатарын діннен хабары жоқ жасөспірім балалар толтырып жүр. Теолог-ғалымдардың пікірінше, «қатардан қалмайын» деп мешітке барған оқушыларды жат ағым өкілдері оңай алдап түсіреді екен.

Дәл осындай кездесулер Шымкент пен Оңтүстік Қазақстан облысының өзге де аудан-қалаларында соңғы бірер айдан бері белсенді өтіп келеді. Оған басты себеп – жаз айларының басында Ақтөбе мен Алматыда орын алған лаңкестік оқиғалар. Ол кезде дәстүрлі емес ислам ағымдарының бірі – салафизм бағытын ұстанушылар 15-ке жуық жазықсыз адамды жер жастандырған болатын.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0