суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
6oC
Астана:
icon
-4oC
×

Ақтау порты дәстүрлі қабылдау тізімдемесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізді

Ақтау халықаралық теңіз сауда портының дәстүрлі қабылдау тізімдемесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесіне қатысты кеңейтілген отырыс өткізілді, деп хабарлайды NewTimes.kz.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, бұл шараға Әзірбайжан және Түркия бас консулдықтарының, Қазақстанның «KAZLOGISTICS» көлік Одағының, Маңғыстау облысының әкімдігі, «Атамекен» ҰКП, Автомобильмен тасымалдаушылар Халықаралық қауымдастығының және басқа да 45-тен астам компаниялардың, порттармен өзара жұмыс жасайтын кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

Кездесуге қатысушыларға порттың жаңадан жасақталған коммерциялық құрылымы таныстырылды. Оның қызметі тапсырыс иелерімен бірлесе атқарылатын қызмет түрлерін оңайлатуды, порттың атқаратын қызмет түрлерімен таныстыруды, жеңілдіктерді, кемелерді өңдеу мен тұруына қатысты тәртіптерді, түсіру-тиеудегі ерекшеліктерді түсіндіруді көздейді.

«Бүгінгі таңда өткізілетін негізгі жүктің денін металл құрайды. Бұл өз кезегінде порттың халықаралық талап мәртебесіне сай қызметке көшуіне байланысты болып отыр», — дейді Ақтау халықаралық теңіз сауда портының президенті Михаил Ялбачев.

Ол сондай ақ, порттың қызмет түрлеріне көрсетілетін тарифына да өзгерстер енгізіліп жатқандығына тоқталды. Порт алдағы уақытта да тапсырыс иелерімен және басқа да барлық мүдделі тараптармен өзара тиімді жұмыс жасауға ынта білдіріп отыр.

Анықтама үшін: Ақтау халықаралық теңіз сауда порты дәстүрлі тізімдемесі – бұл құжатта портта қолданылатын тәртіптер мен ережелердің,кемелердегі жүкті және жолаушыларды түсіру және тиеу технологиясы туралы мәліметтер жинақталған.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0