суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
0oC
Астана:
icon
-5oC
×

«Жаңаөзенге-Жаңа серпін» жобасы аясында атқарылған жұмыстар қорытыланды

19 қараша күні Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаевтың төрағалығымен «Жаңаөзенге-Жаңа серпін» жобасының қорытындысы бойынша жиналыс өтті, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Маңғыстау облысының әкімдігі хабарлағандай, осы жылдың 17 қазанында бастау алған жоба аясында Жаңаөзен қаласының жастарымен және әлеуетті кәсіпкерлерімен, шағын және орта бизнес субъектілерімен жұмыс жасайтын арнайы топ құрылған болатын. Топ құрамына Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау және Оңтүстік-Қазақстан облыстарының, Астана қаласының өңірлік кәсіпкерлер палатасының жетекшілері мен сарапшылары кірді. Жаңаөзен қаласының тұрғындарына кеңес беретін, ақпараттық-әдістемелік қолдау және жобаларына көмек көрсететін орталық ашылды.

«Жобаны жүзеге асыру аясында жаңадан бастаған және жұмыс жасап жатқан кәсіпкерлерге арнайы қаржылық және қаржылық емес көмек көрсетуге арналған консультативті орталыққа 700-ге жуық адам келген. «Бастау» бизнес-мектебінде өз ісін жаңадан ашып жатқан 200-ге жуық адам кәсіпкерлік белсенділікті арттыру бойынша оқудан өтті. Жоба осымен аяқталмайды. Мұндай орталықтар барлық ауданда ашылатын болады», — деп атап өтті Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.

Жұмыс сапары барысында Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев «Өзен жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының кіші жылу электр орталығы қызметімен танысты. Желтоқсан айында жобаның қайта құру және қазандықты кіші жылу электр орталығына ауыстыру арқылы кеңейту жұмыстары бойынша соңғы – төртінші кезеңі аяқталады. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары бітті. Қазандықтарды іске қосу үшін Бийск қаласының зауыт дайындаушы мамандары тартылды. Қараша айының соңында турбиналарды жүргізу үшін «Siemens» (Германия) компаниясының өкілдері келеді деп жоспарлануда. Жобаның жалпы құны 7 млрд.теңгені құрайды. Кіші жылу электр орталығы жалпы қуаты сағатына 150 тонна болатын 6 қазандықтан, сағатына 12 МВт электр қуатын өндіретін 3 турбинадан тұрады. Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың Кешенді жоспарына енген жобаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 7 млрд. теңге бөлінді. Кәсіпорында барлығы 375 адам қызмет етеді.

«Қайта құру және қазандықты кіші жылу электр орталығына ауыстыру арқылы кеңейту жұмыстары жоспарланған тұтынушылардың өсімін есепке ала отырып Жаңаөзен қаласының қажеттіліктерін өтеді. Қазіргі уақытта біз қаланың барлық 245 үйін, бюджеттік сала нысандарын – мектептерді, бала-бақшаларды, ауруханаларды, сондай-ақ, өндірістік аймақтағы кәсіпорындарды жылумен қамтамасыз етіп отырмыз. Осы жылдың желтоқсан айында германиялық турбиналарды шығаруды жоспарлаудамыз. Турбиналардың бірі қазандықтардың жұмысына арналған электр қуатын өндіреді. Ол өз кезегінде «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» қызметінен бас тартып, қаражатты үнемдеуге әкеледі. Қалған екі турбина электр қуатын сыртқы тұтынушыларға – заңды тұлғаларға сатуға мүмкіндік береді. Бұл кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартады деп сенемін», — дейді «Өзен жылу» МКК директоры Әділбек Рубилов.

Осыдан кейін аймақ басшысы № 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне барды. Мектеп 1998 жылы құрылған. Бүгін де мұнда спорттың 16 түрінен 1400 оқушыны оқытатын 50 жаттықтырушы жұмыс істейді. Осы жылы жергілікті бюджеттен «Жастар аллеясы» саябағын салуға және мектеп алдындағы су бұрқақты жөндеуден өткізуге арнап 36 миллион теңге бөлінді. Сондай-ақ, спорт ғимаратындағы бассейнге күрделі жөндеу жүргізу үшін 53 миллион теңге бөлінді. Мердігердің айтуынша, тазартқыш құрылғы мен коммуникация іске қосылуға дайын, тек бассейннің өзінде ғана әрлеу жұмыстары қалды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0