воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-3oC
Астана:
icon
-10oC
×

Екпеден неге қашады?

Жасыратыны жоқ, соңғы бірнеше жылдан бері елімізде сәбилерге екпе егу мәселесі үлкен проблемаға айналып кетті. Бұл проблема Оңтүстік Қазақстан облысын айналып өтпегені белгілі. Өзге өңірлердегі секілді мұнда да балаларына дәрі егуге түбегейлі қарсылық танытып отырған ата-аналар жетерлік. Олардың дені салафилік ағымды ұстанушы діндарлар. Олардың сенімінде екпе егу Аллаға серік қосқандай күнә болып саналады екен.

Расында солай ма? Әрине жоқ! Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының имамдары мұны жоққа шығарып тастағалы қашан?! Дей тұра «діндар» ата-аналар өз дегендерінен әлі де қайтар емес.

Жалпы, екпе егу не үшін қажет? Оны екпесе не болады? Бұл туралы «Вакцинология» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Айнагүл Қуатбаева тарқатып айтып берді.

«Қазіргі таңда жас ата-аналар дәрігерлермен әңгімелесуге уақыт таба бермейді. Әсіресе, бірнеше балалы отбасылардың бұған тіпті мұршасы жоқ. Денсаулыққа байланысты түйткілді сауалдар, оның ішінде вакцинация мәселері баланың тек ерте жасында ғана емес, өмір бойына қажет. Біз бұл іс-шараның форматы туралы көп ойландық. Ал енді ашық есік күндері туралы айтсақ, онда бәрібір ата-аналар жұмыс күндері емханаға баруға, жұмыстан сұра­нуға тура келеді. Ойласа келе кеңес беру жұмыстарын демалыс күндерімен байланыстыруды жөн көрдік. Осылайша жылжымалы кеңес беру орындары туралы идея табылды», — дейді А.Қуатбаева.

Бұл тұрғыдан келгенде ғылым мен дін ұштасады. Яғни, имам-молдалар да, дәрігерлер де балаға екпе егудің тек пайдасы бар екенін айтып отыр. Ал, «діндарлардың» мұны щирк деуі білместіктен басқа түк емес дейді дін мамандары. Өйткені, дәл сол исламның өзінде Алла Тағала барша адамзат баласына денсаулықты күтінуді бірнеше рет бұйырып тапсырған. Ал, жаңа туған перзентіңнің денсаулығына немқұрайлы қарау күнәнің ең үлкені дейді имамдар.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0