вторник, 12 ноября 2024 г.
icon
492.65
icon
525.71
icon
5.03
Алматы:
icon
8oC
Астана:
icon
-10oC
×

Елімізде имамдардың білімін жетілдіруге арналған бағдарлама іске қосылады

Қазақстанның имам-молдаларының білімін жетілдіру мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «500 мәртебелі имам» бағдарламасын жүзеге асырмақшы. Бұл туралы бүгін ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Күлекеев мәлімдеді.

Оның айтуынша, елімізде тұрғындар арасында имамдардың жұмысына көңілі толмайтындардың қатары артқан.

«Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та имамдарымыздың кәсіби дайындығы қазіргі заманғы талаптарға сай келмейді деп бірнеше рет сынға ұшырағаны жасырын емес. Осыған байланысты Қазақстанның мұсылмандары діни басқармасы «500 мәртебелі имам» бағдарламасын жариялады. Бұл әрбір имамның теологиялық та, осы заманға сай зайырлы білімінің болуына бағытталған», — дейді Бақытжан Күлекеев.

Оның айтуынша, бұл имамдардың өздері үшін қажет, олардың қазіргі жағдайда адамдармен тіл табысып, дәстүрлі исламды дәріптей алуы үшін, сондай-ақ имамдар корпусы заманға сай дами алу үшін.

Сонымен қатар, ол қазіргі кезде имамдардың қазақша жүргізіп жатқан уағыздары орыс тілінде түсіндірілетінін айтты.

Айта кетейік, аталған бағдарлама аясында оңтүстікқазақстандық имам-молдалар да білімдерін жетілдіретін болады. Бүгінде мешіттердің саны жағынан Шымкент республика бойынша көш бастап келеді. Мұнда барлығы 100-ден атсам құлшылық үйі бар. Молдалардың саны да 500-ге жуықтайды.

Аталған шаралардың барлығы да еліміздегі діни тұрақтылықты сақтауға бағытталған. Яғни, діни экстремизм мен терроризмді алдын алып, жастардың теріс діни ағымдар қатарына өтіп кетуін болдырмауды көздейді. Бұл бағытта бүгінде ОҚО Дін істері басқармасы тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0