воскресенье, 19 мая 2024 г.
icon
443.44
icon
480.51
icon
4.88
Алматы:
icon
16oC
Астана:
icon
14oC
1xadv
×

Экстремизмнің алдын алу шараларын ұйымдастыру күн тәртібінен түспеу керек – Ұ.Сәдібеков

Бүгін Түркістанда бастау алған «Дін – бірлікке бағыттайды» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның ашылу салтанатында сөз сөйлеген ОҚО әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков өңірде экстремизмнің алдын алу шаралары тоқтамай жүргізіле беретінін мәлімдеді.

«Таяу Шығыс елдерінде орын алған шиеленіс мысалынан біз діни экстремизмнің жабайы бейнесін көрсек, әлемдік БАҚ-тарда жиі айтылып жүргендей, терроршылдықтың ең қатыгез қырғын салудан бас тартпайтын сұмдық жанкешті бейнесін көрудеміз. Экстремизм мен терроризмнің түгел дүниені аралап, бірде ұлтаралық, енді бірде дінаралық алауыздықты қоздырып, тұтас халықтар арасында ылаң салып, кейде ұлт-азаттық қозғалыстардың да шапанын жамылып, бейбіт өмірдің берекесін кетіріп жүргенін бүкіл әлем көріп отыр», - дейді облыс әкімінің орынбасары.

Сондықтан, ол өңірде дәстүрлі емес дін ұстанушыларын ауыздықтауға арналған шаралардың толассыз жүретінін айтты.

«Олай болса, одан сақтанудың, оның алдын алу шараларын ұйымдастырудың күн тәртібінен түспеуі қажеттілік. Бүгінгі «Дін – бірлікке бағыттайды» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция да осы мақсаттағы шаралардың бірі», - дейді ол.

Ал, осынау жұмыстардың мақсаты – еліміздің ынтымағы мен бірлігін сақтап, бейбіт күнде әлеуметтік-экономикалық қалыпты дамуымызға аса қажетті жағдай жасау.

Айта кетейік, бүгін Түркістанда «Дін – бірлікке бағыттайды» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр. Оған түркі тілдес бірнеше елдің дін ғалымдары мен қоғам қайраткерлері қатысуда. Басты мақсат – түркі тілдес елдер арасындағы рухани қатынасты дамытып, діни экстремизмге бірлесе төтеп беру. Жиын барысында баяндамалар оқылып, пікірсайыстар өткізіледі деп жоспарлануда.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0