понедельник, 6 мая 2024 г.
icon
441.66
icon
475.14
icon
4.86
Алматы:
icon
13oC
Астана:
icon
4oC
1xadv
×

Уахабилік ағым ұстанушылары біздің елге оң ниетпен келмегені анық – имам

Бүгін Шымкенттегі оқушылар сарайында өткен «Дінаралық келісімді сақтау» атты семинарда кереғар діни ағымдардың тигізер зауалы туралы айтылды. ОҚО Дін істері басқармасы ұйымдастырған осынау ауқымды іс шараға имам-молдалар мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Мамандардың дәрісін тыңдауға тек оқушылар ғана емес, облыстық, аудандық, қалалық ішкі саясат бөлімдерінің қызметкерлері, дін мәселелерімен айналысатын мамандар, жастар орталықтарының директорлары да қатысты.

Айтулы шара жоспарлы семинар болғанымен оның мән-мағынасы зор. Мақсат – тек жастарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу емес, сонымен қатар, дін мәселелерімен айналысып жүрген мамандарға нақты бағыт-бағдар беру.

«Біз өңірдегі 12 діни конфессиялардың өзара достығын, арақатынасын реттеу жұмыстарымен айналысып келеміз. Қазір елімізде діни ахуал тұрақты болғанымен, жалпы экстремизм мәселесі баршамызды сақ болуға итермелеп отыр. Біздің мақсат – елдегі, өңірдегі діни тұрақтылықты сақтау, бейбіт өмірді одан әрі дамыту», - дейді ОҚО Дін істері басқармасының басшысы Батырбек Жалмырзаев.

Айта кетейік, соңғы жылдары Қазақстанда дәстүрлі исламды мойындамайтын діни ағымдардың қатары артып келеді. Олардың саны бүгінде 30-ға жетіп отыр, барлығы да дәстүрлі емес исламды жақтаушылар. Имам-молдалардың айтуынша, қазіргі таңда дін атын жамылған саяси топтар осындай ағымдарды ойлап тауып, адамдарды өзқажетінше пайдаланады. Әсіресе, діни білімі жоқ, бірақ бойында қуаты бар жастар мұндай ағымдарлың құрығына тез ілінеді екен.

«Қазір исламның ішінде ағымдар көп. Мәселен, Хизб-ут-Тахрир, Таблиғи-Жамағат, ахмадиа, салафизм және тағы басқалары. Осылардың ең қауіптісі – уахабилік идеология. Олардың ешбірі біздің өз ішімізден шыққан жоқ және бәрінің Қазақстанға келгендегі бір мақсаты бар. Ол мақсаты әрине, қазақтарға көмектессем деген мақсат емес. Артында үлкен саясат тұр. Олар қазір интернет арқылы біздің жастардың санасын әбден улап жатыр», - дейді Әл-Мүслим мешітінің бас имамы Тәңірберген Ергешов.

Имам-молдалар халықты қай дінді ұстанса да дәстүрлісін ұстануға шақырып отыр.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0