воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
3oC
Астана:
icon
-1oC
×

Жат ағымда жүргендерді кері қайтару бір күннің жұмысы емес – дінтанушы

Мамандардың дерегіне сенсек, Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында шамамен 3 мыңға жуық жат ағымның жетегінде жүрген азаматтар бар. Олармен түсіндіру және алдын алу шараларын құқық қорғау органдарынан бөлек ҚМДБ-нің облыстағы өкілдігі және «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ жүргізуде.

Осы мекеме директорының міндетін атқарушы Мәди Бесбаевтың айтуынша, теріс діни ағымды ұстанушылармен жұмыс жүргізетін дінтанушы мамандардың біліктілігі соңғы уақытта әлдеқайда артқан екен. Нәтижесінде, райынан қайтып, қайта дәстүрлі ислам ұстанушыларының сапына оралып жатқандар да бар көрінеді.

– Жалпы, оңалту кабинетіне келгендер санын айта алмаймын, бірақ ол азаматтармен сенім телефоны арқылы немесе қала, аудандардың ішкі саясат бөлімдерінде сондай азаматтардың тізімі бойынша орталықтан маман бекітілген. Ол маман барып, онымен әңгіме жүргізіп, бағытын анықтауға тырысады. Мысалы, салафи ма, Таблиғи-жамағат па, «Хизб-ут-Тахрир» ме дегендей. Соның ішінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, өзге ағымдарға кетіп қалған адамдарды дәстүрлі Ханафи мазхабына бейімдейді. Яғни біздің Қазақстан халқының басым көпшілігінің ұстанатын діні – Ислам. Оның ішінде суниттік бағыт, Имам Ағзам немесе Абу Ханифа мазхабы. Ал енді мұндағы мәселе неде? Ол осы Абу Ханифа мазхабын мойындамай, яғни араб елінен ілім алып келген немесе Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының имамдарын, ұстаздарын тыңдамай, әлеуметтік желі арқылы өзге ағымның ұстаздарын, шейхтарын тыңдау нәтижесінде адасушылыққа кетіп қалуда. Біздің мақсат – соларды ол ағымдардан бері қарай қайтару. Қазіргі таңда қайтарылып жатқан азаматтардың саны бар. Бұларға біз психологиялық, теологиялық көмек пен құқықтық жағынан қайсысы заңды, қайсысына тыйым салынған, қандай діни әдебиетке тыйым салынбағанын түсіндіреміз. Теолог мамандар олардың бағытының дұрыс емес екендігін, Абу Ханифа мазхабының дұрыс екендігін дәлелдермен көрсетеді. Неге? Өйткені, қазіргі таңда дінтанушылардың ішінде Құранды жатқа білетін мамандар бар. Соларды пайдаланамыз. Олар «мына аятта былай көрсетілген, мына хадисте былай айтылған» деген сияқты дәлелдерді келтіре алатын білікті мамандар. Себебі, оңалтуда оңай шаруа емес. Өйткені, ол азамат бір кездескеннен сізге ашылмайды, сенімсіздікпен қарайды. Тез қайтатындай қызыл алманы былай қойып, сары алманы былай орнына қоя салатын дүние емес. Ол ұзақ процесс. Революциялық емес, эволюциялық жолмен қайтарамыз. Азамат адасушылықпен барды. Демек, онда әлі де таңдау бар. Негізі, өзге ағымға бай азаматтарды және көшбасшылық қасиетке ие, сөзге шешен сондай-ақ спортта жетістігі бар адамдарды, ақындарды, жұлдыздарды тартуға тырысады. Себебі, олардың жүріс-тұрысы жастарға идеал. Соңғы кезекте ғана әлеуметтік жағдайы төмендерді тартуда. Шынайы дінде әлеуметтік жағдайы төмен адамдар бірінші орында тұрады. Ал бұларда керісінше. Бұлар дін емес, құрылым ғой. Бұлардың көп болуы, бөлшектеніп бөлінуі алпауыт мемлекеттерге ыңғайлы дүние. Өйткені, ол сол ағымдарды кіргізіп қояды да бір-бірімен айқасып, алысып жатқанда соғыс бастап, жаулап алады, - дейді М.Бесбаев.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0