воскресенье, 28 апреля 2024 г.
icon
443.35
icon
475.54
icon
4.82
Алматы:
icon
9oC
Астана:
icon
16oC
1xadv
×

«Ислам мемлекетінен» зардап шегіп отырған елдердің саны 90-ға жетеді

Бұл туралы ОҚО Дін істері басқармасы жанынан құрылған «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ директорының міндетін атқарушы Мәди Бесбаев мәлімдеп отыр. Оның айтуынша, «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының сапында соғысып жүргендер дүниенің төрт бұрышынан жиналған содырлар.

«Бұл проблема жалғыз бізде ғана емес, Кеңес одағының құрамында болған Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан деген мемлекеттердің бәрінде бар. Тіпті, Ресейдің құрамындағы көптеген автономды мемлекеттер Татарстан, Башқұртстан, Шешенстан, Дағыстан деген елдердің барлығында осы мәселе ушығып тұр. Оған себеп, бізде кезінде діни тоқырау болды. Адамдардың миына «құдай жоқ» деп құя бергеннен кейін дін кеңістігі босап, оның орнын тоқсаныншы жылдардың басында осы салафиттік-уахабилік ағым ұстанушылары толтырды», - дейді дінтанушы ғалым.

Оның айтуынша, «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының сапында соғысып жүргендер санын нақты анықтау мүмкін емес. Дегенмен, әлемдік сарапшылардың болжамынша, дүниенің шамамен 90 мемлекетінің азаматтары ДАИШ жетекшілеріне ант беріп, өздерін халифат мүшесіміз деп есептейді екен.

Мықты арбаушылар гипноз тәсілімен «сен жәннатқа барасың, нағыз мұсылман біздерміз, олар адасушылар» деп әбден санасына құйып дайындайды. Әрі әлеуметтік желілер арқылы да тартады. Сөйтіп, қияли «жаннатқа түсемін» немесе «мен Ислам халифатында өмір сүремін, нағыз шариғат жолымен жүремін» деп адасып, сол жаққа барып, нәтижесінде опық жеп жатқандар қаншама. Ал, шын мәнінде ИШИМ (Ирак Шам Ислам мемлекеті) атаумен құрылған әлем мойындамайтын өзінше бір мемлекет. Бұлардың ұстанымы шынайы исламға қайшы, - дейді М.Бесбаев.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда дәстүрлі емес ислам ағымдарын ұстанатын 16 мыңға жуық адам бар. Олардың үш мыңдайы Оңтүстік Қазақстан облысында тұрады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0