воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-3oC
Астана:
icon
-11oC
×

«Шымкент-сити» жобасы аясында 300-ден астам көпқабатты тұрғын үй бой көтереді

Шаһардың ішіндегі қалаға айналуы тиіс нысанның жалпы көлемі 427 га. Қалашық 70 мыңға жуық тұрғынға есептелген.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеровтың айтуынша, мұнда 316 үй соғылады. 9, 12, 16 қабаттан тұратын баспаналар құрылысының орталығында көлемі 49 га болатын саябақ алаңы орналаспақ.

Жобалаушылардың ойынша, «Шымкент-сити»-де жанға жайлы қажеттіліктің бәрі қарастырылмақ. Әлеуметтік нысандар – мектептер мен балабақшалар, емханалар және шаһарлықтардың бір сәт тынығатын орындары бой көтереді деп күтілуде. 

«3500 көрерменге арналған кино концерт залын салуды ұйғарып отырмыз. Мұнан бөлек, әзірге, біз «Шымкент-арена» деп атап отырған спорт кешені бой көтеретін болады. Мұнда, ең бастысы, шаһар тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасау. Жобамыздың ішінде ауданы 24 га болатын бизнес-орталықтың құрылысын салу да көзделген», - дейді Нұралхан Көшеров.

Әкім орынбасарының мәліметінше, қазіргі таңда «Шымкент-сити»-де көше құрылысы мен 10 үйдің (әрқайсысы 54 пәтерден тұрады) инженерлік коммуникациялық жұмыстар жүргізілуде.

«Үйлер беріктігі жағынан жоғары санатты құрамалы темірбетонды контрукциялардан бой көтеретін болады. Бұл – коммуналды үйлер. Осы жылы бес көпқабатты үйдің құрылысын бітіреміз деп жоспарлағанымызбен, баспаналардың пайдалануға беру уақыты коммуникациялық қажеттіліктердің барлығы орналастырылып болғаннан соң ғана, 2018 жылға келісілген», - деді әкім орынбасары.

Н.Көшеров коммуникациялық жұмыстардың барысына да тоқталды. Айтуынша, бұл жұмыстар «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында іске асырылуда.  Жұмыстар биыл бітсе, келесі жылы пайдалануға беру жоспарда тұр. Ал жолдардың басым бөлігі осы жылы төселмек.

Ал қалашықтағы аяқжолдар мен велосипедтерге арналған көшелерді салу кезегі келесі жылдың еншісінде. Өйткені, аяқжолдар түсетін нысандарға биыл коммуникациялық қажеттіліктер жүргізілетін болады.

«Шымкент-Сити» қалашығы шаһардың солтүстік аймағында,  Бәйдібек би ескерткішіне таяу маңда орналасқан нысан. Аудан заманауи инфрақұрылымымен, тұрмыста, бизнесті бастауда қолайлы жағдайымен және ең жоғары қала құрылысы мен сәулеті жөнінен ерекшеленеді. Аталған жоба Шымкенттің 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы аясында іске асырылуда.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0