суббота, 27 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
8oC
Астана:
icon
6oC
1xadv
×

ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҮШІН

Бүгін Абай орталығында жігері мықты, рухты жандармен кездесу өтті. Алдағы сайлауға AMANAT партиясының атынан қатысатын бір топ атыраулық кандидадаттар паралимпиада және мүгедектігі бар спортшылармен бас қосты.

Фото: AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалы
Фото: AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалы

Әлеуметтік қамқорлық таныту – AMANAT партиясының айқын мақсаттарының бірі. Бұл туралы спортшылармен кездесу барысында кеңінен айтылды.

Шындығын айту керек, мүгедектігі бар адамдар үшін қоғамдағы қолжетімділік әлі де толыққанды жүзеге аспай келеді. Арбаға таңылған жандардың бір жаққа шығуының өзі үлкен еңбекті қажет етеді. Сондықтан, ыңғайлы инфрақұрылым жасақтау, кедергісіз орта құру – партияның «Кедергісіз келешек» бағдарламасы аясында да үнемі назарда келе жатқан өзекті мәселе.

Парламент Мәжілісінің депутаты мандатына партиялық тізім бойынша ұсынылған кандидат Дүйсенбай Тұрғанов спортшыларды қолдау, баспанамен қамту мәселесі жергілікті атқарушы билік тарапынан қолдау тапқанын атап, партияның сайлауалды бағдарламасында халықтан түскен 10 сұраныстың қатарында мүгедектігі бар адамдарды қолдауға бағытталған арнайы тарау барын атап өтті.

«Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында қоғамның 10 сұранысының бірі ретінде әлеуметтік қамқорлық бөлімі арнайы жасақталған. Мұнда мүгедектігі бар жандардың өмір сүру жағдайын жақсартуға қол жеткізу үшін бірінші кезекте жәрдемақы мөлшерін арттыру көзделіп отырғаны айқындалған. Бұдан кейінгі кезекте кедергісіз орта құру, қызмет алу бойынша мемлекетпен өзара іс-қимыл үдерісін жақсарту да көзделген.

Тапсырыс беруші: AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалы
AMANAT партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатынан төленді

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0