воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
4oC
Астана:
icon
1oC
×

Ләйлә Сұлтанқызы әнші Алтынай Жорабаеваны алдап, «Тікелей эфирге» шығармақ болған ба?

Қазақ эстрадасының ең танымал әншілерінің бірі Алтынай Жорабаева тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының өзін алдап-соққанын мәлімдеді. Айтуынша, әншіні «Хабар» телеарнасындағы «Тікелей эфир» ток-шоуына алдап шақырған екен. Енді журналистке өкпесі қара қазандай болған Алтынай тікелей эфирге шығудан бас тартып отыр.

Бұл туралы Жорабаева өзінің Instagram-парақшасында мәлімдеді. Алайда, арада бірнеше сағат өткеннен кейін ол жазған жазбасын қайта өшіріп тастады. Алтынайдың сөзінен ұққанымыз, Ләйлә Сұлтанқызы оны «Тікелей эфирге» келіп шығармашылығы, Астанадағы өмірі жайлы айтып беруін сұраған екен. Ол болса ойланбай келіскен. Алайда, «Тікелей эфир» жобасының Instagram-парақшасындағы анонста Алтынай мен Сәбиттің не үшін ажырасқаны туралы мәлімдейміз деп жарнама таратқан. Алтынайдың жазбасынан кейін бұл жарнама да «жоғалып» кетті.

«Мынау не сұмдық? Неге менімен ақылдаспайды? Қыздарымды шақырып, эфирге шығарып қойып, Сәбит екеуіміздің өмірімізді бүкіл халықтың алдында не үшін талқылауымыз керек? Бағдарламаға шақыратын кезде тек менің шығармашылығым, Астанада қалай тұрып жатқанымыз, қыздарым Астананы қалай қабылдады, әкем мен анамнан менің балалық шағым жайында ой өрбітетіндері жайлы ғана айтқан болатын. Ал мынаны қалай түсінуге болады?», - деп ашына жазды Алтынай Жорабаева.

Айта кетейік, «Тікелей эфир» бүгін кешке көрсетіледі. Алайда, оған Алтынай Жорабаева шыға ма, жоқ па, ол жағы белгісіз қалып отыр.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0