суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
2oC
Астана:
icon
-6oC
×

Әнші Абай Бегей өмірден өткен жарына ән арнады (ВИДЕО)

Танымал әнші Абай Бегей өмірден озған жарына «Жанатым» деп ән арнады. Жаңа шығармасын ол «Хабар» арнасынан шығатын «Бенефис шоу» бағдарламасында орындады.

«Өсіріп, ұл мен қызымды, Ұзартып едің ізімді. Аяулым енді осылай, Еске алам нұрлы жүзіңді» деген өлең жолдарында өнер иесінің өткенге деген сағынышы мен жаң күйзелісі жатыр. Оны әншінің ән орындап тұрғандағы жасаураған жанарынан анық аңғаруға болады.

Жаңа туындының музыкасын Абайдың өнердегі досы Ұлықпан Жолдасов жазыпты.

Танымал әншінің жары Жанат осыдан екі жыл бұрын өмірден озған болатын. Бүгінгі таңда төрт баланы Абай өзі тәрбиелеп отыр. Тіпті жақында ғана тұңғыш қызын ұзатып, құтты орнына қондырды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: