«Агробизнес – 2020»: Африкалық тары Сыр өңірінде өсірілетін болады

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес – 2020» мемлекеттік  бағдарламасы еліміздің агроөнеркәсіптік кешені субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және Қазақстанда жалпы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған. Осы орайда еліміздегі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер зор еңбек атқарып келеді. Мәселен, биыл Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары Сыр топырағына мүлдем беймәлім африкалық тарыны жерсіндіре білді.

«Агробизнес – 2020»: Африкалық тары Сыр өңірінде өсірілетін болады
Фото inbusiness.kz сайтынан алынды

Африкалық тарыны қатаң климатқа бейімдеу мақсатында 6 жыл қатарынан экологиялық сортты зерттеу жұмыстары жүргізілді. Сынама нәтижесінде қатал табиғатқа бейім жаңа сорт іріктеліп алынды. Ғалымдардың еңбегінің нәтижесінде бұл өнім мал азығы ретінде құнарлы, жоғары өнімді, тұзды жерге төзімді дақылға айналды. Тәжірибе барысында жаңа өнім бір маусымда екі рет орылған. Әр гектарынан 42,4 – 50,5 тоннаға дейін өнім алынған.

«Диқандар төрт-бес жыл қатарынан егілген күріш алқабын жоңышқа немесе бидай дақылдарымен, бақша жемістерімен ауыстырып отырады. Себебі, бір дақылды жыл сайын еккен жағдайда өнім мөлшері төмендеп, жер коррозияға ұшырайды. Бұл талай рет жасалған тәжірибеден белгілі. Сол себептен сапалы өнімге қол жеткізу үшін ауыспалы егістік тәсілі бойынша басқа дақылдар кезекпен егіледі. Енді егіс атыздарына жаңа дақыл себіледі. Жаңа тарыны таптырмас мал азығы деуге болады. Себебі, африкалық тарының дәнінен жарма мен ұн өндіріледі. Әрі дән қалдықтарынан жем, жасыл массасынан малға арналған көк азық және сүрлем шөп алынады. Африкалық дақыл қуаңшылыққа төзімді және басқа дәнді-дақылдарға қарағанда ауруларға төтеп бергіш, зиянкес жәндіктерден аз зардап шегеді», - дейді мамандар.

Ауыл шаруашылығы саласына енгізілген жаңа өнім жоңышқа өсімдігі тәрізді бір маусымда 2-3 рет орылады. Әдетте бұл әдіс жердің құнарлылығын арттыратынын жеткізді шаруалар. Өйткені, күріш суды көп мөлшерде қажет ететін өнім. Сондықтан жердің тұздануы жоғарылай түседі.
Сол себептен пайдалы тұсы мол жаңа сортты тарыны диқандар ауыспалы егістікке қолдануды мақсат етіп отыр.

Loading...
Жанар Муканова -  четверг, 13 мая в 11:05
Уроки казанского расстрела для Казахстана
Томирис Жусупбекова -  понедельник, 10 мая в 10:44
Ни к селу ни к городу
Жанар Муканова -  вторник, 4 мая в 11:53
Бессвязная связь, или Кто виноват?
Жанар Муканова -  понедельник, 26 апреля в 05:19
Образы будущего в мечтах казахстанцев
По теме:

16 мая, воскресенье