пятница, 18 апреля 2025 г.
icon
523.2
icon
594.3
icon
6.38
Алматы:
icon
14oC
Астана:
icon
1oC
×

Қызылорда облысының әкімі мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауды тапсырды

Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақовтың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті.

Облыс әкімі алғы сөзінде, елдің тұтас мемлекет болып қалыптасуында, мемлекеттік рәміздердің мәртебесі биік, ал оларды құрметтеу әрбір азаматтың қасиетті борышы болуы тиіс екендігіне тоқталды.

Мемлекеттік рәміздердің насихатталуы мен қолданылу жай-күйіне жүргізілген тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Маханов баяндама жасады. Баяндамашы өз сөзінде, «байтақ даламыз бен байрақты қорғау, ол - бабалар аманаты» дей келіп, осы асыл ұғымды мемлекеттік ұйымдардың қаншалықты іске асырып жүргендігі нақтыланған. Облыс бойынша 301 мемлекеттік мекемеге мониторинг жасалып, 58 мекемеден кемшіліктер анықталған. Кемшіліктер тиісті мекеме әкімшіліктеріне ескертіліп, жою шаралары қарастырылып отыр.

Комиссияда сөз алған облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы М. Әбуова, Қызылорда қаласы әкімінің міндетін атқарушы Б. Нуридинов және Жалағаш ауданы әкімінің міндетін атқарушы А. Дәрібаев, өздеріне қарасты мекемелердегі мемлекеттік рәміздердің қолданылуы және насихатталу барысы, атқарылған шаралар туралы баяндап өтті.

Облыс әкімі Қ. Ысқақов барлық мемлекеттік мекеме басшыларына, мемлекеттік рәміздердің өңірімізде насихатталуы мен стандартқа сай қолданылуын ерекше бақылауда ұстап, Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету бағытындағы жұмыстарды, шараларды жоғары дәрежеде ұйымдастырып отыруды тапсырды. Ең бастысы, мемлекеттік рәміздерімізді дәріптей отырып, ел азаматтарын елжандылыққа тәрбиелейтіндігімізді ескертіп өтті.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0