«Оқу тәрбие жұмыстарымен бірге, тазалыққа оқушыларды баулу педагогтардың міндеті екенін естен шығармауларыңыз керек. Қазір менің ауладан көріп тұрған көрініске көңілім толып тұрған жоқ. Барлығын қалыпқа келтіріңіздер», - деді аймақ басшысы.
Келесі нысан «Романов и К» ауданаралық автовокзалы. Аймақ басшысы жолаушылардың жағдайын ескеріп, жұмыстарды бір жүйеге келтіруді тапсырды.
«Автовокзал жәй ғана гараж есебінде тұрмай, өзінің функциясын атқаруы керек. Жолаушылар мәселесі толық шешілсін. Қажет болған жағдайда ақысыз көліктер шығарып, тұрғындарды базарға жеткізу мәселесін қолға алыңыздар», - деп тапсырма берді Қуанышбек Досмайылұлы.
Шет аймақтар да облыс әкімінің назарынан тыс қалмады. Мұнан кейін облыс әкімі «Титов» мөлтек ауданындағы жаңалауды қажет ететін көпқабатты тұрғын үйлер ауласында орналасқан ойын алаңдарының жағдайымен танысып, алаңда жүрген бірнеше ойын баласымен сұқбаттасты. Балалар жаңа алаңқайдың керектігін айтуда. Аймақ басшысы қала әкімдігіне аталған мәселені жылдам шешуді тапсырып, алаңды жөндеп беруді жүктеді.
Мұнан соң, облыс әкімі Әл-Фараби тұрғын ауданындағы №261 орта мектепке барды. Аталмыш білім ошағында оқушылар санының көбейуіне байланысты қосымша құрылыс жүргізілген.
Қ. Досмайылұлы жұмысымен танысқан барлық нысандардағы мәселелердің шешілуі өзінің жеке бақылауында болатындығын айтты.