+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
19.11.2019 в 19:21

Қызылорда облысында мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде шағын несие мен гранттар берілуде

Биыл кәсіпкерлік саласын қолдауға арнайы жол картасы әзірленіп, оған 34 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде 5 млрд теңге мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде шағын несие мен мемлекеттік гранттар беруге бағытталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов хабарлады.

Қызылорда облысында мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде шағын несие мен гранттар берілуде

«Бөлінген қаражат есебінен «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағ­дар­ламасы аясында шағын несиелендіру үшін 3,5 млрд теңге, ал несиелерді кепілдендіру үшін 220,9 млн теңге бөлінді. Соны­мен қатар, «Микробизнес-Қызылорда» өңірлік бағдарламасы шеңберінде облыстық бюджеттен 850 млн теңге бөлініп, нәтижесінде 182 кәсіпкердің жобасы шағын несиелендіру үшін мақұлданды. Бұдан бөлек, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын іске асыру мақсатында 1 млрд 50 млн теңге бөлініп, шағын және орта бизнестің 216 субъектісіне қар­жылай қолдау көрсетілді», – деді ол.

Ал мемлекеттік гранттар конкурсын өткізу үшін 31 млн теңге бөлініп, оның 21 млн теңгесі жас кәсіпкерлердің кәсібін жандандыруға бағытталған. Конкурсқа 473 шағын кәсіпкерлік субъектісінен өтінім түсіп, комиссия шешімімен 84 жоба қаржылай қолдауға ие болған. Соның 44-і жас кәсіпкерлердің үлесінде. Жалпы жыл басынан бері өңірімізде тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктің саны 1393-ке көбейді. Жұмыс істеп тұрғандарының үлесі 86,2 процентті құрайды.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика