Қызылордада аналар кеңесінің қоғамдағы тәрбиелік рөлі талқыланды
Қызылорда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Аналар кеңесі мүшелері аудан тұрғындарына арналған семинар өткізді.

«Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкері Рахима Ахметова «Қоғамдағы ана рөлі» тақырыбында әңгіме өрбітті. Сөз барысында шараны ұйымдастыру мақсаты, өңірдегі көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған мемлекеттік көмек туралы, жұмыспен қамту мәселесі, сонымен қатар, масылдық түсініктен арылту маңыздылығына тоқталып өтті.
Одан кейін облыстық ішкі саясат басқармасының «Тілдерді оқыту орталығы» КММ директоры, облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Нұрсәуле Мұсаева отбасы құндылықтары мен ұлт тәрбиесі, қоғамдағы ананың рөлі, осы бағытта атқарылып жатқан шаралар мен бала тәрбиесіне қойылатын талаптар туралы сөз қозғады.
«Қазіргі қоғамда әйелдердің алар орны ерекше. Бүгінгі күні аналар саясатты да, бизнесті де, үй шаруасын да қатар алып келеді. Аналар кеңесінің түп мақсаты – отбасы, неке мәртебесін дәріптеу, отбасы құндылықтарын насихаттау. Осы уақытқа дейін Аналар кеңестерінің ұйымдастыруымен түрлі форматтағы 100-ге жуық шара өткізіліп, оған 5000-нан астам адам тартылды. Облыстық Аналар кеңесі жас отбасыларға әлеуметтік-психологиялық кеңес беру орталығымен, «Сыр аналары» қоғамдық қорымен, «Шаңырақ» жас қыз-келіншектер ұйымымен, «Абысындар» клубымен, Қорқыт ата атындағы ҚМУ жанынан құрылған «Қыз Жібек» қыздар клубымен тығыз байланыста жұмыс жасайды, - деп Н. Мұсаева Аналар кеңесінің атқарған біршама жұмыстарына тоқталып өтті.
Семинар аясында аудан тұрғындарына отбасылық құндылықтарды жүзеге асыру, дәстүрлі қазақ тәрбиесі туралы ұтымды ұсыныс-пікірлер айтылып, өмірлік тәжірибелер ортаға салынды.
-
Молодую девушку похитили и изнасиловали в Алматинской области29.01.2023, 22:24Уникальные куклы мастерицы из Кокшетау путешествуют по миру29.01.2023, 10:10Неожиданный «сюрприз» обнаружил в холодильнике акима Степногорска журналист29.01.2023, 03:36«Әншілер, Меккеге емес, ата-әжелеріңнің зиратына соңғы рет қашан бардыңдар?» – журналистСегодня, 01:20Новак Джокович обратился к Елене Рыбакиной после финала Australian Open-202329.01.2023, 09:12Ерке Есмахан енді қыз-келіншектерге жас жігіттерді өзіне қалай қаратуды үйретпек29.01.2023, 19:45
-
11:27Недобросовестные родители задолжали своим детям 14 млрд тенге11:13Видео с транспортировкой груза «Казпочтой» возмутило людей10:59Главу финпирамиды LV FORCE отправили в тюрьму10:45Профессор из Казахстана стал одним из самых авторитетных ученых мира10:31Полицейские из Жетысу продали узбекистанца в рабство за 6 баранов10:17Казахстан задыхается: Список городов с самым грязным воздухом10:04Минюст принял список инициативной группы от партии «Ынтымак»09:56Рыбакину объявили 10-й ракеткой мира09:42Всего 22 казахстанца заболели КВИ за сутки09:28Мнимые достижения акимов назвал премьер09:14Почем продают доллар в обменниках РК после выходных08:53Житель области Улытау создает ноу-хау в аграрной сфере08:15Яму с мертвыми собаками продезинфицировали в Актау07:34Казахстанские хоккеистки выиграли третий подряд матч на юниорском ЧМ07:11Умер создатель Мамонтенка и кота Леопольда