Қызылордалықтар қазан айында денсаулықтарын сақтандыруға 282,6 млн теңге аударған
Қызылорда облысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына» 2019 жылдың 1-31 қазан аралығында 282,6 млн. теңге түсті, деп хабарлады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ облыс бойынша филиалының директоры Руслан Бектібаев.

Фото: pixabay.com
Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2019 жылдың 31 қазан аралығында жұмыс берушілер мен жекеменшік кәсіпкерлерден міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға түскен жарнаның жалпы сомасы 6,4 млрд. теңгені құрады. Оның 6,2 млрд. теңгесі (97,1%) – жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 184,02 млн. теңге (2,9%) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.
Айта кетейік, жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.
-
Жуткая трагедия: Астанчанин выбросил из окна племянника, зарезал тещу и спрыгнул сам06.02.2023, 22:19Казахстанский тиктокер покоряет мир06.02.2023, 09:41В Казахстане стартовало льготное автокредитование06.02.2023, 10:09В Турции от мощного землетрясения разрушились дома06.02.2023, 08:557-летнего ребенка спасли из-под завалов в турецком Диярбакыре06.02.2023, 15:51Салафит прилюдно обмазал бывшую жену зеленкой и фекалиями06.02.2023, 10:51
-
01:14«Играет на равных с мужчинами»: Женщина-кокпаршы живет в Туркестанской области00:192-х летний мальчик проглотил магнитные шарики – он в реанимации