Қызылордалық жастарға ынтымақтастық атмосферасын құруға арналған семинар ұйымдастырылды

Қызылордада Жалағаш және Қармақшы ауыл жастарына арналған семинар-тренинг өтті.

Қызылордалық жастарға ынтымақтастық атмосферасын құруға арналған семинар ұйымдастырылды

Оның барысында өңірдегі мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы туралы, сонымен қатар, NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау, оларды жұмыспен қамту, ұлттық құндылықтарды дәріптеп бағытында сөз қозғалды.

Одан кейін «Тиімді команда құру» тренингі өткізілді. Оның барысында ынтымақтастық атмосферасын құруға, өзара түсіністік пен әр жасты топ ресурсы ретінде қабылдауға, стандартты және сыни жағдайларда мінез-құлықтың жалпы стратегияларын жасауға құлшыныс жасалды. Сонымен бірге тренинг жаңа топ мүшелерін бейімдеу және ынталандыру, команданың дамуына серпін беру үшін пайдалы екендігін түсіндірілді.

Ал «World сafe» тренингі барысында жастарға нақты мәселелер туралы сөйлесудің технологиясы мен өнері, пікірталас процесіне қатысушылардың ұжымдық интеллектісін тартуға мүмкіндік берілді.

Сонымен қатар қарым-қатынас дағдыларын дамыту, тұлғааралық кедергілерді жеңу, қолайлы психологиялық климатты құруды көздеген тренингте жастар командалық рухты дамыту мен нығайтуға арналған арнайы жаттығулар жасады.

Loading...
Жанар Муканова -  пятница, 9 апреля в 03:04
Сердце отдаю детям…
Жанар Муканова -  пятница, 2 апреля в 10:31
Замкнутый круг насилия
Жанар Муканова -  четверг, 1 апреля в 10:47
Когда все фиолетово...
По теме:

11 апреля, воскресенье