четверг, 28 марта 2024 г.
icon
449.58
icon
486.94
icon
4.86
Алматы:
icon
21oC
Астана:
icon
5oC
1xadv
×

Қызылордада «Сарыарқа саңлағы» атты байқау өтті

Қызылорда облыстық №10 дарынды балаларға арналған «Білім Инновация» лицей-интернаты базасында Бейімбет Майлиннің  туғанына 125 жыл толуына орай «Сарыарқа саңлағы» атты байқау өтті. Аталған шара Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында өткізілді. Байқауды «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының мамандары ұйымдастырды.

Мектеп оқушылары арасында Бейімбет Майлиннің шығармаларын насихаттай отырып, дарынды оқушылардың шығармашылық шеберлігін шыңдау байқаудың негізгі мақсаты болды. «Сарыарқа саңлағы» байқауына жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары қатысты.

«Оқушылардың Бейімбет Майлиннің прозалық, драматургиялық шығармаларын оқуға деген құштарлығын, эстетикалық талғамын арттыру мақсатында осындай шара өткізуді жөн санадық. Себебі, қаламгердің әдеби мұрасы арқылы рухани құндылықтарды, патриотизмді дәріптейміз. Шәкірттердің ана тілімізге, қазақ әдебиетіне деген құрметін, мақтаныш сезімін күшейту, зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін Бейімбет Майлин туындылары таптырмас рухани байлық екені сөзсіз», - деді байқау ұйымдастырушылары.

Байқауға қатысушылар «Замана жаршысы», «Қысқа әңгіме шебері», «Сахна шеберлері», «Дәуір тудырған дарабоз» номинациялары бойынша бақ сынады. Қызылорда облысының аудандарынан қатысқан мектеп оқушылары арасынан үздік шыққан өрендер аталған номинациялар бойынша дипломдармен марапатталды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0