суббота, 20 апреля 2024 г.
icon
447.4
icon
477.55
icon
4.76
Алматы:
icon
13oC
Астана:
icon
14oC
1xadv
×

Қызылордалық оқытушылар «Үздік педагог» атанды

Таяуда «BILIM-ORKENIETI» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен республикалық «Үздік педагог - 2019» байқауы өтті.

Аталған байқауға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің  «Математика және қолданбалы механика» кафедрасының оқытушылары, педагогика ғылымдарының магистрі Құндызай Қанибайқызы және математика магистрі Айжан Смаханова қатысып, жеңімпаз атанды.  Жеңімпаз оқытушыларға І дәрежелі диплом мен «Үздік педагог - 2019» төсбелгісі табысталды. Бұл байқау Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын білім беру ұйымдарының арасында насихаттау мақсатында өткен болатын.

«Ұстазға құрмет көрсету – білімге көрсетілген құрмет. Педагогтардың инновациялық идеялары арқылы үздіктерді анықтаған байқау оқытушыларға ерекше серпін берді. Бұл байқауға 3 жыл ішінде жасаған еңбектерімізді ұсындық. Байқау барысында осы уақыт аралығында атқарған ғылыми жобаларымыз, студенттермен бірлесе дайындаған жұмыстарымыз, олимпиада жүлделері сынды бірқатар жұмыстарымыз бағаланды. Оның ішінде отандық және шетелдік басылымдарда жарық көрген мақалаларымыз да бар. «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет», - деп Елбасымыз Н.Назарбаев айтқан болатын. Сондықтан, білім беру жолындағы ізденісімізді одан әрі жалғастыра бермекпіз»,-деді үздік оқытушылар.  

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0