четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
444.32
icon
473.33
icon
4.76
Алматы:
icon
15oC
Астана:
icon
-1oC
1xadv
×

Қызылордалық жас кәсіпкер өз студиясын ашты

Сыр өңірінде «Жас кәсіпкер» жобасы аясында кәсіп ашқан жастар қатары артуда. Сондай жас кәсіпкердің бірі – Сұлтан Сүлеймен. 2014 жылдан бері бірнеше студияларда суретке түсірумен айналысқан ол өз кәсібін ашуды көздеп, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалының көмегіне жүгінеді. Мамандардың кеңесімен «Жас кәсіпкер» жобасына қатысқан  Сұлтан осы жоба арқылы бизнестің қыр-сырын үйренді.

«Ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Жас кәсіпкер» жобасына қатысып, білім алдым. Аталған оқу жобасына қатысу барысында кәсіпкерлік саласына қатысты көптеген мәліметтер алдым. Өз идеямды қорғап, 505.000 теңге көлеміндегі грант иегері атандым. Сол ақшаға өз тарапымнан қаражат қосып, студия жұмысын бастадым. «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша алған білімімнің тәжірибе жүзінде пайдалы болғанын өз кәсібімді бастаған кезде түсіндім. Бүгінде алға қойған мақсатым өте көп. Студиямды одан әрі дамытқым келеді. Қызылорда қаласында кинофильм түсіру де жоспарымда бар. Ел аумағына танылатын фильм түсірсем деймін», - деді жас кәсіпкер.

Бүгінде «New-Orda Production» деген атаумен жұмысын бастаған студияда 4 адам жұмыс істейді. Студияда суретке түсіру, монтаждау жұмыстары жасалады. Тапсырыс берушілер қатары да күннен-күнге көбеюде. Жас кәсіпкер басты назарды сапалы дүниелер жасауға қоятынын жеткізді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0