воскресенье, 5 мая 2024 г.
icon
444.14
icon
477.05
icon
4.85
Алматы:
icon
17oC
Астана:
icon
11oC
1xadv
×

Қызылордада жас ақындар мүшәйрасы өтті

Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Елін сүйген, жерін сүйген – Елбасы» атты жас ақындар мүшәйрасы өтті. Қызылорда облысы №278 ІТ мектеп-лицей базасында өткен мүшәйраға 6-9 сынып оқушылары қатысты. Аталған шара Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды.

«Бәсекеге қабілетті, дарынды тұлғаны қалыптастыра отырып, білім беру мен оқытудың ұлттық жүйесін дамытуға үлес қосу шараның негізгі мақсаты болды», - дейді ұйымдастырушылар.

Сондай-ақ, мүшәйра ұйымдастырушылары жастарға туған жердің маңыздылығын ұғындыра отырып, туып-өскен жерін құрметтей алатын, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан жеке тұлғаны дамытуға жағдай туғызуға ықпал етуді көздегендерін де жеткізді.

Мүшайра екі кезең бойынша өтті. Бірінші кезеңде тақырыпқа сай дайындалған өлеңдер оқылды. Ал, екінші кезеңде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін сынау мақсатында ұйымдастырушылар тарапынан берілген тақырыптар бойынша 5-10 минут аралығында өз жадынан өлең шығару тапсырмасы берілді. Жас ақындар мүшәйрасының қорытындысы бойынша Қазалы ауданынан қатысқан Әділхан Дамир мен Қызылорда қаласынан Әбілда Еркежан жеңімпаз атанып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. ІІ орынды Қармақшы ауданынан қатысқан оқушы Бекқанат Смайылұлы және Жалағаш ауданының дарынды өрендері Жақсылық Ернат пен Жақсылық Жаннұр, Сырдария ауданынан келген Нұрахмет Мансуров иеленді. ІІІ дәрежелі диплом иегерлері ретінде Жалағаш ауданынан қатысқан Шадыман Теміршеқызы, Шиелі ауданынан Мадина Көшербай және Қызылорда қаласынан қатысқан Балауса Айтбай мен Аягүл Аманжаева танылды. Облыстық жас ақындар мүшайрасының жүлдегерлеріне облыстық білім басқармасының тарапынан бағалы сыйлықтар табысталды. 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0