+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
27.11.2019 в 19:18

Қызылордада қайырымдылық жасаушылар мен меценаттардың форумы өтті

Бүгін аймақ басшысы Қ. Ысқақовтың қатысуымен қайырымдылық жасаушылар мен меценаттардың III облыстық форумы өтті. Шара аясында «Қайырымдылық балалар көзімен» суреттер көрмесі мен «Қайырымдылықтың озық тәжірибелері» ақпараттық стенді ұсынылды.

Қызылордада қайырымдылық жасаушылар мен меценаттардың форумы өтті

Аймақта жыл басынан бері жомарт жандардың қолдауымен 686 қайырымдылық шарасы ұйымдастырылған, нәтижесінде 40 520 мұқтаж жанға 514,7 млн теңгенің көмегі көрсетілген. Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен қайырымдылық жасаушы меценаттарды насихаттау, қолдау жүйесі жұмыс істеуде. «Үлкен ел – үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасы шеңберінде «20 игі іс» акциясы, «Тайқазан» эстафетасы, «Қайырымды ел» жобалары сәтті өткізіліп, «Қамқор» акциясы аясында Ұлы Отан соғысы және еңбек, тыл ардагерлеріне көмек беру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Сондай-ақ, Ұлы Даланың дәстүрлеріне негізделген «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық науқаны халықтық қолдауға ие болуда.

«Қайырымдылықты жанына жалау етіп, аймақтың өркендеуіне үлес қосып жүрген азаматтар туралы «Қайырымдылықтың алтын кітабын» әзірлеуіміз қажет. Себебі, өскелең жас ұрпаққа аға буын азаматтардың ел үшін жасаған еңбектерін, толымды жетістіктерін үлгі ету баршамызға ортақ міндет»,- деді облыс әкімі Қ. Ысқақов.

Апат айтып келмейді. Түркістан облысы, Арыс қаласының әскери бөлімінде орын алған төтенше жағдай бейқам отырған жұртты баспанасыз қалдырды.

«Қабырғасы қайысқан қазақстандықтар жедел көмек көрсету мақсатында апат орын алған Арыс маңынан табылды. Қысылтаяң  сәтте бір үдеден табылатын адами қасиеттің, ең бастысы елдіктің, береке мен бірліктің белгісін танытты. Арыстықтардың иығына түскен ауыртпалық барша елдің басын біріктіре, топтастыра түсті. Арыстықтарға риясыз пейілмен көмек білдірген шынайы қолдаушылардың қатарында Қызылорда облысының халқы да болды. Оқиға туралы хабар тараған сәттен бастап арнайы штаб құрылып, зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсету жұмыстарын қолға алды. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенділері де 1 млн теңгеге жуық қаржылай және материалдық көмек көрсетті», - деп атап өтті аймақ басшысы.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика