понедельник, 6 мая 2024 г.
icon
441.66
icon
475.14
icon
4.86
Алматы:
icon
13oC
Астана:
icon
5oC
1xadv
×

«Kyzylorda Business Hub» лагері ұйымдастырылды

Ағымдағы жылдың тамыз-желтоқсан айлары аралығына жоспарланған «Kyzylorda Business Hub» бизнес-идеялар байқауының қатысушыларына арналған бизнес лагері ұйымдастырылды. Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыру және еліміздегі шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жүзеге асырылып жатқан шараға Қызылорда облысының аудандарынан іріктеліп шыққан жоба авторлары қатысты.

«Алдын ала болжағанымыздай, бұл жобаға «сен тұр, мен атайын» дейтін жалынды жастар қатысты. Бизнес – ол еліміздің экономикасын дамытатын бірден-бір сала. Кәсіппен айналысуды көздеген жастарды біріктірген бұл лагерь өте қызықты өтті. Үш күнге созылған бизнес лагерінің алғашқы күні қатысушылар арасында квест ойыны ойнатылды. Бұл ойынның сұрақтары аймақтың бизнесіне, мәдени орындарына байланысты ыңғайланып дайындалды. Команда құру, бір-бірімен танысу барысында жасалған ойын жастар арасында тың идеялардың пайда болуына ықпал етті», - дейді «Бизнес-Start» инновациялық жобаларды жүзеге асыру орталығының жетекшісі Жандос Оразмаханов. 

Одан әрі Жалағаш аудандық «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының тренері, психолог, педагогика ғылымдарының магистрі Назира Аймаханова жастардың тұлғалық қалыптасуына, бойдағы қорқынышты жеңуге арналған семинар-тренингін өткізіп, жастарды бір серпілтті. Сонымен қатар, Қызылордадағы QMED медициналық орталығының директоры Раушан Базарбай қонақта болып, қатысушылармен сұхбат құрды. 

Аталған шара барысында бизнес-саяхат ұйымдастырылып, қатысушылар «Кәсіпкерлер үйі», Жастар ресурстық орталығы, Қолөнер орталығы және «Dalatex» ерлер жейдесін өндіретін цех жұмысымен, «РАИМ» бизнес-орталығымен танысты. Сондай-ақ, республикалық деңгейдегі ментор Жанна Аманова жастарға қаржылық сауаттылық туралы дәріс жүргізді. 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0