+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
04.12.2019 в 21:08

Қызылорда облысының әкімі: «Жол апатынан зардап шеккендерге қолдау көрсетіледі»

Қызылорда облысының әкімі Қ.Ысқақов бастап, қала әкімі мен облыстық мәслихат хатшысы, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары және облыс әкімінің орынбасарлары, облыс әкімі аппаратының басшысы «Құмкөл-Қызылорда» автожолында орын алған жол көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен азаматтардың жағдайын білу үшін облыстық медициналық орталығы мен қалалық ауруханаға барды.

Қызылорда облысының әкімі: «Жол апатынан зардап шеккендерге қолдау көрсетіледі»

Сондай-ақ, Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс жедел отырысын өткізіп, тиісті сала басшыларына тапсырма берді.

«Соңғы болған жол көлік оқиғасына  Мемлекет басшысы тарапынан да назар аударылып, полиция мен жергілікті атқарушы органдардың құқық бұзушылық профилактика жұмыстарына қатысты ескертпелер айтылды. Полиция департаменті тарапынан берілген ұсыныстарға барынша қолдау көрсетіліп келеді. Тиісті қаржы бөлініп, материалдық - техникалық базаларыңыз жыл сайын жаңартылуда. Алайда нәтиже жоқ. Жұмыс осы қарқында қалатын болса, ҚР Ішкі істер минстрлігіне Полиция департаментінің жауапты басшыларының атқарып отырған лауазымдарына сәйкестігі жөнінде ұсыныс беретін боламын.», — деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.

Аймақ басшысы көлік апатынан қаза тапқан азаматтардың жақындарына көңіл айтып, Түркістан облысы мен Шымкент қаласының әкімдеріне жедел хат жолдады.

«Жарақат алған азаматтарға біздің тарапымыздан қажетті көмек көрсетілетін болады. Емдеу шаралары толықтай жасалады. Емделушілердің тез сауығып, отбастарына аман-есен оралуларына тілектеспін», — деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.
Облыстық көпбейінді ауруханасына 17 азамат түрлі дене жарақатымен жеткізіліп, оның ішінде 6 адам жансақтау бөліміне орналастырылды. 5 адамға қажетті ем шаралары көрсетіліп, үйіне қайтарылған. Қалалық ауруханаға 4 адам жеткізіліп, оның 2 жансақтау бөлімінде. Қазір оларға тиісті медициналық көмек көрсетілуде, қажетті дәрі-дәрмек толығымен қамтамасыз етілген.

Айта кету керек, оқиға орнына дер кезінде төтенше жағдайлар департменті, жол-патрульдік қызметі, медициналық орталық, жедел-жәрдем және санитарлық авиация қызметкерлері мен қажетті техника жұмылдырылды.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика