Алматы әкімдігі жұмысындағы негізгі басымдық – балалардың мүддесі
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров «Nur Otan» партиясы жанындағы отбасы ісі, Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңес мүшелерімен кездесті.

Басқосуда көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардағы балаларды қолдау және әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, спорт салаларында қабылданып жатқан мәселелерді талқылады.
Бір аптаның ішінде кеңес мүшелері қаланың әлеуметтік нысандары мен балалар мекемелерін аралап, тексерді. Мұнда балалардың күнделікті өміріне қажетті барлық аспектілер – білім алудан бастап, тамақтану сапасы, тіпті, бос уақыттың ұйымдастырылына дейін назар аударылды. Жұмыс қорытындысы бойынша, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаровпен өткен кездесуде Алматы әкімдігіне балаларды қолдау бойынша қалада жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасын арттыру үшін қажетті ұсыныстар берілді. «Nur Otan» партиясы жанындағы Отбасы істері, Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңес төрағасының орынбасары Динара Закиеваның айтуынша, жұмыс тобы әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау саласындағы 150-ден астам нысанды аралап, отбасылармен кездесіп, шешімін табатын бірқатар өзекті мәселелерді анықтаған.
Кездесуде сондай-ақ «Nur Otan» партиясы жанындағы отбасы ісі, Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңестің мүшесі Рысты Жұмабекова, Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің кеңесшісі Мансия Исказина, ҚР ІІМ ювеналдық полицияның аға инспекторы Рүстем Құттыбаев сөз сөйледі. Жиынға қалалық әлеуметтік әл-ауқат, білім, қоғамдық денсаулық, спорт, мәдениет, қоғамдық даму басқармаларының және жергілікті полиция қызметінің басшылары, аудан әкімдерінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарлары, аудандық басқарма бөлімдерінің басшылары қатысты.
Кездесудің соңында қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қалалық басқарма басшылары мен аудан әкімдерінің орынбасарларына көтерілген мәселелерді республикалық кеңеспен шешу жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.
-
Беременную с кровотечением госпитализировали только после резонанса07.02.2023, 10:50Казахстанская исполнительница Данэлия Тулешова снова в популярном американском шоу07.02.2023, 19:45Французский журнал высмеял землетрясение в Турции07.02.2023, 17:16Ребенок родился под завалами в Сирии07.02.2023, 10:24Фашистами назвали алматинок, попросивших меню в кафе на казахском языке07.02.2023, 11:59«Спокойным тоном сообщила, что убила»: Пятиклассница напала на сверстницу с ножом07.02.2023, 19:14
-
12:45Нужны столетия, чтобы насытить авторынок – эксперт о льготном кредитовании12:30Снежные и морозные дни прогнозируются в Казахстане12:16Брат пропавшего казахстанца в Турции: «На связь не выходят еще несколько человек»12:02Почти на 40 тыс возросла средняя зарплата в Казахстане11:48Түркияда тұрып жатқан Алуа Қонарова табиғи апатты Алланың белгісі деп санайды11:34Причастный к террористам лжепропроведник продвигал контент на YouTube11:20Что говорят астанчане об известном доме с «привидениями»11:06Фура,автобус и еще 6 машин столкнулись на трассе Алматы-Бишкек10:52Три парня изнасиловали павлодарку. Им вынесли приговор10:38Еще один борт с казахстанскими спасателями вылетает в Турцию10:24Брендовое нижнее белье шьют в колонии Петропавловска10:10Нейросеть назвала причины землетрясений в Турции09:56Головкин отказался от титула чемпиона мира − СМИ09:42Снова возросло число заболевших КВИ казахстанцев09:28Второй день подряд доллар дешевеет в казахстанских обменниках