воскресенье, 12 мая 2024 г.
icon
439.4
icon
473.54
icon
4.76
Алматы:
icon
15oC
Астана:
icon
9oC
1xadv
×

Бақытжан Сағынтаев қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша кеңес өткізді

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың қатысуымен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Негізгі міндет – қызмет көрсетудің сервистік үлгісіне басымдық бере отырып, Алматы полициясының жұмысын қайта құру. Учаскелік инспекторлар, патрульдер қала тұрғындары мен қонақтарына олардың мәселелерін шешуге көмектесулері тиіс.

«Қоғамның басты талабы – сапалы және қолжетімді медициналық қызмет, білім мен қоғамдық қауіпсіздік. Біз осыларды қамтамасыз етуге тиіспіз»,- деді кеңесті ашқан Бақытжан Сағынтаев.

ІІМ-нің басшысы полицияның жедел басқару орталығын модернизациялау және ЖБО-да видеобақылау жүйесін интеграциялау жоспарлары туралы айтты. Жол оқиғалары ерекше назар аударуды қажет етеді. Жыл басынан бері қарай мегаполисте 4 мыңға жуық ЖКО болған.

«Біз қазіргі кезде халық саны мен автомобиль трафигінің көп болуына қарамастан пәрменді шараларды қолдана отырып, жолдардағы апаттар мен өлім-жітімді күрт азайтқан шетелдің тәжірибесін белсенді түрде үйренудеміз», - деп атап өтті ІІМ-нің басшысы.

Қала әкімдігі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, оның ішінде заманауи мегаполистердің озық тәжірибесін пайдалана отырып, жол инфрақұрылымын қайта құру жөнінде полицияның бастамаларын қолдайтын болады. Бұлар - «вафельді» белгілер, жолақтар бойынша бұрылыстардағы қозғалыстардың нүктелері, қосымша бағдаршамдар және магистральді көшелердегі бөлгіш қоршаулар.

«Адам өмірін ақшамен өлшеуге болмайды. Қаланың көлік инфрақұрылымы қозғалыстың барынша қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық жағдайларды жасауы қажет», - деп атап өтті Б. Сағынтаев әрі қалалық мобилділік басқармасына бұл мәселені полиция департаментімен бірге шешуді тапсырды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0