четверг, 28 марта 2024 г.
icon
449.58
icon
486.94
icon
4.86
Алматы:
icon
22oC
Астана:
icon
8oC
1xadv
×

Алматылықтарға мемлекеттік марапаттар тапсырылды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Президентінің атынан еліміз бен қаланың дамуына үлес қосқан алматылықтарға мемлекеттік марапаттарды тапсырды.

Аталып өткендердің арасында ғылым мен мәдениетті, экономика мен қоғамдық келісімді, өнер мен спортты дамытуға үлес қосқан көптеген мұғалімдер, медицина қызметкерлері, құрылысшылар, қоғамдық көлік жүргізушілері бар. Олдардың барлығы мегаполисті дамытуға айтарлықтай үлес қосуда.

«Мен үшін киелі миссияны орындау әрі көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, білім, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау үздіктерінің, мемлекеттік қызметкерлердің, әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің, азаматтық қоғам өкілдерінің, энергетика, қаржы, құрылыс, туризм және бизнес саласы қызметкерлерінің сіңірген еңбектерін атап өту үлкен құрмет. Олардың әрқайсысы өздерінің күнделікті еңбектерімен қаланың дамуына үлес қосуда, мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайтуда», -деп атап өтті Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.

«Парасат» орденімен еңбек ардагері, «Ғылым ордасының» ғылыми қызметкері Ғайникен Бибатырова; еңбек ардагері, Қазақ ССР-інің халық артисі Лаки Кесоглу; Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов; еңбек ардагері, Қазақстан Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері Клара Хафизова марапатталды.

«Құрмет» орденімен марапатталғандардың арасында «Сентрас Капитал» Холдинтік компания» директорлар кеңесінің төрағасы Елдар Әбдіразақов; Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу-техникалық университетінің профессор-зерттеушісі Зинеш Әбішева; «Милосердие» Ерікті қоғам» қайырымдылық қорының директоры, бала құқығы жөніндегі уәкіл Аружан Саин; режиссер Ахан Сатаев; Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай бар.

ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен «Алматы көпір контрукциялары зауыты» ЖШС №3 цехының арматурщигі Василий Горбун; «Алматыэлектротранс» ЖШС троллейбус жүргізушісі Алғашбай Жармедетов; «Алматыметроқұрылыс» АҚ тау департаментінің үңгушісі Ережеп Жаукенов; «Алатау Жарық Компаниясы»АҚ желілерді бөлу Басқармасының аға шебері Алмас Омаров; «Метрополитен» МҚК электропоезының машинисі Андрей Секиркин; еңбек ардагері, «Алматыэлектротранс» ЖШС троллейбус жүргізушісі Анатолий Черенов марапатталды.

Бұлардан өзге, бірқатар алматылықтар «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдарымен, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен аталып өтілді.

Сонымен қатар, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бекіткен қаланы дамытуға қосқан үлесі үшін берілетін «Еңбегі үшін» төсбелгісімен қаланың бірқатар қоғам қайраткерлері марапатталды. Олардың арасында Қазақстанның мүгедектер ұйымы Одағының төрағасы Әли Аманбаев; №2 қалалық босандыру үйінің босандыру бөлімінің меңгерушісі Тамара Шакирова және басқалары бар.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0