пятница, 26 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
10oC
Астана:
icon
10oC
1xadv
×

Алматыдағы тегін мұз айдындары ретке келтірілді

Алматы әкімінің ескертулерінен кейін қаладағы тегін мұз айдындары ретке келтірілді.

Осы маусымда мегаполисте конькимен сырғанауға арналған төрт алаң жасақталды. Олардың үшеуі Тұңғыш Президент пен 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында және Наурызбай ауданы әкімдігінің алдында іске қосылды. Төртіншісі жоспар бойынша келесі аптада Түрксіб ауданындағы «MART» сауда үйінің алдындағы алаңда ашылмақ.

Бұған дейін мұз айдындарын аралаған қала әкімі Бақытжан Сағынтаев сырғанау алаңдарындағы мұз жамылғысының сапасына назар аударуды тапсырып, сервистік инфрақұрылымды ретке келтіру туралы бірнеше ескертулерді айтқан еді.

Төрт мұз айдынының жалпы ауданы шамамен 12 мың шаршы метрді құрайды Ең үлкені Тұңғыш Президент саябағында орналасқан. Оның ауданы – 3,8 мың шаршы метр, 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында – 3,4 мың шаршы метр, Наурызбай және Түрксіб аудандарында тиісінше 2,5 және 2,2 мың шаршы метр құрайды.

«Тегін мұз айдындарды ашқандары жақсы болды. Бұл елімізде спорттың дамуын ілгерілетіп, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді», — дейді алматылықтар.

Барлық мұз айдындарында конькиді жалға беру орындары, демалыс орындары мен қоғамдық тамақтану орындары бар. Ауа райының температурасы Цельсий бойынша +15 градусқа дейін көтерілсе де, мұздың сапасын сақтауға мүмкіндік беретін салқындатқыш қондырғылар жұмыс істемек.

Жалға берудің жұмыс уақыты: сағат 10:30-дан түнгі 23-ге дейін. Таңғы 6-дан түнгі 23-ке дейін жұмыс істейтін Тұңғыш Президент саябағындағы сырғанау алаңын айтпағанда, қалған мұз айдындары тәулік бойы сырғанауға қолжетімді болмақ.

Айта кетер жайт, желтоқсан айының ортасына дейін қала бойынша тағы бірнеше тегін сырғанау алаңдары іске қосылады. Олар, Әуезов ауданында, Жандосов көшесіндегі «Дубок» ықшам ауданында (жалпы ауданы 924 шаршы метр), Бостандық ауданында «Вилла дей Фиори» кешенінің маңында (жалпы ауданы 600 шаршы метр), Медеу ауданы «Спартак» (Орталық мәдениет және демалыс саябағы) стадионында (800 шаршы метр), Алатау ауданы «Саялы» ықшам ауданында орналасқан.

Мұз айдындары 10 наурызға дейін жұмыс істейді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0