четверг, 18 апреля 2024 г.
icon
448.81
icon
476.82
icon
4.77
Алматы:
icon
9oC
Астана:
icon
8oC
1xadv
×

Қызылорда облысында күйдіргіге қарсы жоспарлы екпе жүргізу мәселесі шешімін тапты

Сібір жарасы Қызылорда облысында соңғы рет 2008 жылы тіркелді. Одан бері  адамдар мен ауылшаруашылығы жануарлары арасында күйдіргі ауруына күдікті жағдай орын алған жоқ. Қазіргі таңда облысымызда күйдіргі ауруынан 55 стационарлық-қолайсыз нүктелер мен 60 топырақтық ошақтары тіркелген.

Бүгінгі күнге дейін аталмыш ауруға қарсы егілуге жоспарланған  адамдарға қаржының бөлінбеуіне байланысты вакцинациялау жүргізілмей келді.  Алайда  республикада соңғы 2 жылда күйдіргі ауруы бойынша эпидемиологиялық-эпизоотологиялық ахуалдың күрделенуіне байланысты Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мамандары дабыл қағып,  мәселені  жергілікті атқарушы органдар алдына көтеруінің нәтижесінде тиісті қаржы бөлініп,  2250 доза вакцина сатып алынды. Екпелер  заңнамаларға сәйкес егілуге тиісті контингентке  2020 жылдың сәуір-мамыр айларында індеттің эпидмаусымы алдында салынады деп жоспарлануда.

Халықты күйдіргіге қарсы жоспарлы вакцинациялау контингентіне келесі топтар жатады:

1. халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында, денсаулық сақтау, ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын органдар мен ұйымдардың мамандары және күйдіргі ошақтарында, күйдіргі қоздырғышын жұқтыру күдігі бар материалмен жұмыс істейтін және күйдіргі қоздырғышының болуына сынама алуды, зерттеуді жүргізетін зертханалардың мамандары;

2. жануарларды, жануардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (сою), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын ет өңдеу кәсіпорындарының, мал соятын пункттердің, мал соятын алаңдардың және ішкі сауда объектілерінің жұмыскерлері;

3. мал союмен, стационарлық-қолайсыз нүктелер аумағынан әкелінген жануардан алынатын өнімдер мен шикізатты жинаумен, сақтаумен, тасымалдаумен және алғашқы өңдеумен айналысатын адамдары.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0