четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
443.85
icon
474.3
icon
4.8
Алматы:
icon
12oC
Астана:
icon
8oC
1xadv
×

Қызылорда облысының агроөнеркәсіптік кешен өнімі әлемнің 19 еліне экспортталуда

Экспортқа бағытталған өнім өндірісі - агроөнеркәсіп секторындағы маңызды бағыттардың бірі. 2017 жылы облыстың ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау бағытында  кешенді маркетингтік зерттеулер жүргізілді. Соның негізінде облыстың агроөнеркәсіптік кешенінің «Агрокартасы» жүзеге асырылуда. Оның мақсаты - экспорттың өсуін және өз азық-түлік қауіпсіздігімізді қамтамасыз ету.

Бүгінгі күні жиырма шақты елге экспортталатын агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің тізбесі 3-тен 19 түрге дейін артты. Нәтижесінде, 2019 жылы экспорт көлемі 7 пайызға өсті, экспорттың 90 пайызы қайта өңделген өнім. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерін қалдықсыз өңдеуге жаңа технологиялар тартылуда.

«Тауарлардың әлеуметтік маңызы бар түрлеріне бағаны тұрақты ұстап тұруға тұрақтандыру қорының серіктес сауда желілері арқылы қол жеткізіп отырмыз. Өткен жылдың қорытындысымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі республика бойынша біздің облыста ең төменгі өсімді (9,1%) көрсетті», — деді облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов.

Осы жылдың көктемінде Маханбетов аулындағы 2 гектарды құрайтын және испандық технология негізінде жұмыс істейтін  автоматтандырылған жылыжай кешенінде өсірілген көкөністердің алғашқы өнімі жиналады деп күтілуде (жобаның құны - 1 млрд.теңге).

Бүгін, 2020 жылы 19 ақпанда, Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрында Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақовтың халық алдында есеп беру кездесуі өтті, жиында аймақ басшысы өткен жылды қорытындылап, алдағы жоспарлар туралы баяндады.

Есепті кездесу «Qyzylorda» облыстық телеарнасының эфирінде, «Қызылорда облысы әкімдігінің» ресми facebook парақшасында және youtube әлеуметтік желілері арқылы тікелей эфирде көрсетілді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 1