четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
443.85
icon
474.3
icon
4.8
Алматы:
icon
12oC
Астана:
icon
6oC
1xadv
×

2020 жылы Қызылорда облысында жүзеге асырылатын ірі жобалар

Аймақта 2015 жылдан бері өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі 2,8%-ға, жалпы қосылған құн көлемі 17%-ға өсті. Ал, шикізаттық емес экспорт шамамен 19%-ға артқан. «Бұл индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңінің басталу мерзімімен салыстырғанда өнімділіктің жоғарылағандығын көрсетеді», — дейді мамандар.

Қызылорда облысында 2018 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілген цемент зауыты цементтің 6 түрін өндіріп келеді. Бүгінде аталған зауыт көрші облыстарға ғана емес, экспортқа да тауар шығара бастады. Мәселен, 2019 жылдың шілде айынан бастап Өзбекстан мемлекетіне 40 мың тонна өнім тасымалданды. Аймақта индустрияландыру бағдарламасы аясында қара тақтатасты автоклавты қайта өңдеу жобасы жүзеге асырылып жатқан «Баласауысқандық» ванадий кен орнынан жыл сайын Ресей және Ұлыбританияға 200 тоннадан астам аммоний метаванадаты экспортталады.

Былтыр «Арал Тұз» акционерлік қоғамының қызметкерлері тұз өнімін 25%-ға, яғни 400 мың тоннадан 500 мың тоннаға арттырды. Ал, биылдан бастап өнімді 10%-ға, 2022 жылға дейін 700 мың тоннаға жеткізуді көздейді. Оған қоса кәсіпорын қуаттылығы 120 мың тонна болатын үшінші испандық тұз өндіретін цехтың құрылысын бастауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Арал аймағында кальцийленген сода шығаратын алғашқы зауыттың құрылысы бойынша тиісті жұмыстар жүргізілу үстінде.

Жаңақорған ауданындағы Шалқия кен орнында тау-кен байыту комбинатының құрылысы және басқа да перспективалық жобалар бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Қызылорда облысында биыл жүзеге асатын ірі жобаларға жалпы құны 408 млрд теңге қаржы жұмсалады деп жоспарлануда.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0