суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
-2oC
Астана:
icon
-6oC
×

Қызылорда облысында цифрлық сауаттылықты арттыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді

Қызылорда облысының әкімдігі және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы, сонымен бірге Қызылорда облысының мемлекеттік қызмет істері департаментінің мамандары цифрлық сауаттылықты арттыру мақсатында бірқатар жұмыстарды атқарып келеді. Осы тұрғыда бекітілген желілік кестеге сәйкес электрондық қызметтерді алу бойынша халықты оқыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды айтуға болады.

Фото: egov.kz
Фото: egov.kz

Мәселен, таяуда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыстық филиалының «Халыққа қызмет көрсету» қызметі бойынша Жаңақорған аудандық бөлімінің мамандары «e-gov» электрондық үкімет порталымен жұмыс істеу дағдыларын үйрету мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Аудандық әкімдік, спорт, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімдерінің қызметкерлері және көлік жүргізушілеріне онлайн режиміндегі қызметтерді пайдалану жолдары айтылды.

Сонымен қатар, электрондық үкіметтің «ЕGov-mobile» мобильді қосымшасы, «Үшінші тұлғалар сервисі» мен Telegram-бот көмегі арқылы түрлі анықтамалар алу жолдары көрсетілді.

Сондай-ақ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бақылауындағы «Digital agent» мобильді қосымшасы арқылы қызмет берушілердің жұмыс сапасын бағалау мүмкіндіктері түсіндірілді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0