суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
-0oC
Астана:
icon
-5oC
×

Қызылорда облысында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жұмыс істеу көзделуде

Қызылордада өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереевтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Конференция барысында аймақта жүзеге асырылатын жобалар туралы айтылды.

«2020-2025 жылдары облыста 550,5 млрд теңгені құрайтын 21 жоба жүзеге асырылатын болады. Қазіргі уақытта 4 жоба іске асырылып келеді», — дейді басқарма басшысы.

Ел аумағында төтенше жағдайдың алдын алу бойынша шектеу шаралары енгізілгендіктен, өңірдегі өндірісті ынталандыру үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жұмыс істеу көзделуде. Осы орайда отандық кәсіпкерлерді қолдау және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында қосымша 300 млрд, теңге бөлінеді. Сонымен қатар, күнделікті тұтынатын және басқа да сервистік қызмет көрсететін орындардың жұмысына жергілікті кәсіпкерлердің күшін жұмылдыру қолға алынатындығын жеткізді Ринат Қалдыбекұлы.

«Төтенше жағдайға байланысты мұнай-газ, кен орындарындағы өндірістің тоқтауына жол бермеу мақсатында вахталық ауысым арқылы жұмыс істеу мерзімін 28 күнге ұлғайту шаралары қабылдануда. Мұндай шаралар жұмысшы азаматтар арасында вирустың таралуына жол бермеу үшін жүргізіліп жатыр», — дейді Ринат Қалдыбекұлы.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0