суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-0oC
Астана:
icon
-8oC
×

Төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде Қызылорда облысында бірнеше қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асыруда

Төтенше жағдай кезіндегі мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды, зейнетақыларды және әлеуметтік төлемдерді тіркеу онлайн режимінде egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады. Бұл туралы өткен брифингте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Айдын Қайруллаев мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, әлеуметтік төлемдерді өңдеу бойынша мемлекеттік қызметті алу үшін egov.kz порталында тиісті өтінішті толтырып, электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қою керек. Сондай-ақ, қажетті құжаттардың сканерленген нұсқаларын қоса беру керек.

«Зейнетақы төлемдері мен әлеуметтік төлемдер және мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау қызметтері онлайн түрде алу барысында қызмет алушы электрондық порталда стандартқа сәйкес өтініш толтырады және қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін қоса салып, электронды цифрлы қолтаңбамен қол қояды. ЭЦҚ қойылған өтініш пен электронды құжатар электронды документ айналымы арқылы мемлекеттік корпорацияның филиалдарына жолданады. Әрі қарай аудандық,қалалық филиал бөлімше мамандары екі жұмыс күнінде құжаттардың стандартқа сәйкестігін тексеріп,уәкілетті органга бекітуге жолдайды», — деп қосты Айдын Қайруллаев.

Сонымен қатар, қызметтерді электронды түрде алу жолдарын білмеген немесе түсінбеген жағдайда 1414 байланыс орталығына хабарласуға болады. Қызылорда облысы филиалдағы ең тәжірибелі деген және арнайы оқудан өткен 60-қа жуық қызметкерлер байланыс орталығы арқылы кеңес берумен қатар, азаматтарға онлайн түрде қызмет алу бойынша көмектеседі.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0