воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-2oC
Астана:
icon
-9oC
×

Қызылорда облысында шетелдік жұмыс күшін тарту тоқтатылды

Қызылорда облысында 22 кәсіпорын шетелдік жұмыс күшін тарту арқылы жұмыс істейді. Бүгінде шетелдік мамандарға берілген 196 рұқсаттың ішінен 87-сі жұмысын жалғастыруда. Ал, қалған 109 шетел азаматы облыс аймағына кіргізілген жоқ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Гаухар Калмакова айтып берді.

Қызылорда облысында қазақ-қытай ынтымақтастығы бойынша шыны және цемент зауыттары сынды екі инвестициялық жоба жүзеге асырылып келеді. Зауыттарға шетелдік жұмыс күшін тарту инвестициялық келісім-шарт негізінде жүргізілетіндігін жеткізді Гаухар Амангелдіқызы.

«Шиелі ауданындағы цемент зауытында инвестициялық жоба аясында рұқсат алған 35 қытайлық азамат бар. Өткен жылдың желтоқсан айында олардың 32-сі еңбек демалысына шығып, елдеріне қайтты. Қазіргі уақытта үш қытайлық азамат зауытта жұмыс істеп жатыр. Осы орайда еңбек демалысына шыққан қытайлық азаматтардың еліміздің аймағына кіруіне рұқсат берілмегендігін айта кету керек. Бүгінде инвестор жұмысын қазақстандық компанияларға беру жоспарлануда. Берілген жағдайда кадр қажеттілігі жергілікті еңбек нарығы есебінен жабылатын болады. Қазіргі таңда Қазақстан–Қытай шекарасындағы ахуалға орай қытайлық мамандардың келе алмауына байланысты зауыттың іске қосылуы ағымдағы жылдың шілде айына жылжытылды», — деп атап өтті Гаухар Амангелдіқызы.

Сондай-ақ, брифинг барысында облыстық еңбек саласын бақылау басқармасының басшысы  Ертілеу Жалғасбаев өңірдегі азаматтардың елдегі ахуалға байланысты жұмыс істеу тәртібі, қашықтықтан жұмыс істеу жағдайлары туралы айтып өтті.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 1