воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-2oC
Астана:
icon
-6oC
×

Сыр елінен Түркістан облысына гуманитарлық көмек жіберілді

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен ауылдарға көмек көрсету туралы аймақтағы қоғам белсенділерінің бастамасын Қызылорда облысының әкімдігі қолдап, бүгін алғашқы көмек жіберілді. Облыстық жастар мәселесі жөніндегі басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығында» гуманитарлық көмекті жинау шаралары бойынша 4-ші мамырдан бастап штаб жұмыс істеуде.

«Nur Otan» партиясы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Жас Отан» жастар қанаты филиалы, облыстағы жас шығармашылық қоғам өкілдері, бастамашыл кәсіпкерлер (Қ.Мылтықбаев, Ж.Исаев, М.Сәрсенбаев), волонтерлардың атсалысуымен 15 тоннадан аса азық-түлік, киім-кешек, жеке бас гигиенасына арналған құралдар жинақталды.

Бүгін Түркістан облысының су тасқынынан зардап шеккен ауылдарына гуманитарлық көмектің алғашқы легі жөнелтілді. «СЫР ЖҰРТЫНАН МАҚТААРАЛҒА КӨМЕК» ұранымен тоғыз автокөліктен құрылған керуен белсенділермен бірге Тағзым алаңынан аттанды. Олардың құрамында қоғам белсендісі Үйтолған Жарекеева, жас кәсіпкер Мағжан Ералиев бар. Керуен белгілі айтыскер ақын Мұхтар Ниязовтың арнауымен жолға шықты. Айта кету керек, ақынның өзі де бүгінгі керуеннің құрамында.

Гуманитарлық көмек жинау жалғасуда. Көмек көрсетемін деушілер болса, азық-түлік, киім-кешек пен медициналық заттарды және жеке бас гигиенасына қажет құралдарды Қызылорда қаласы, сол жағалауда орналасқан «Жастар ресурстық орталғына» апарып берулеріне болады.

Тел: 8 775 370 00 34, 8 702 556 51 58.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0