Ұн, қант, күнбағыс майы, күріш, картоп, пияз, сәбіз — осы және басқа да өнімдер мен көкөністерді бүгінгі күнде Қызылорда облысының сауда нүктелері қамтамасыз етуде. Облыстың сауда орындарында 13 мыңнан аса әлеуметтік маңызы бар өнімдер қоры сақталып, сатылуда.
Сыр елінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы Сейілбек Нұрымбетов айтауынша, «Байқоңыр» ӘКҚ» АҚ-ның тұрақтандыру қорында 4 169 мың тонна өнім бар.
«Төтенше жағдайға байланысты жергілікті бюджеттен 881,8 млн теңге бөлініп, 4 299,4 тонна өнім сатып алынуға жұмыстар жүргізіліп жатыр. Таратып айтар болсақ, 2 075,1 тонна 1 сортты ұн, 200 тонна күріш, 268 тонна қант, 100 тонна рожки, 500 тонна картоп, 200 тонна сәбіз, 35 тонна қырыққабат, 153 тонна өсімдік майы, 68 тонна қарақұмық жармасы, 50 тонна сиыр еті, 50 тонна тауық еті, сүт, айран, тұз, ірімшік, сары май, жұмыртқа өнімдері сатып алынуда», — деді Сейілбек Нұрымбетов.
Сонымен қатар, ерте пісетін өнімдерді тасымалдауда Түркістан облысымен келісім жасалды. Және де Төтенше жағдай кезінде ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау және жұмыстарына кедергілер алынып тасталды.